Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Астанадан тағзым». Алаш зиялыларына арналған күн.

04.07.2014 1293

«Астанадан тағзым». Алаш зиялыларына арналған күн.

Кеше Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Астана күніне орай Жастар сарайында Алаш зиялылары – Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай «Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

IMG_2821.JPG

Кештің мақсаты – ұлттық руханиятымыздың өзегі, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын халық арасына кеңінен насихаттау, ұлы тұлғалардың бейнелері арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру.

IMG_2825.JPG

IMG_2842.JPG

Әдеби кешке белгілі ақын Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы,  Амантай Шәріп қатысып, өз ойларын ортаға салды. 

IMG_2834.JPG

Кеш барысында Алаш зиялыларының қиындыққа толы ғұмырынан қысқаша сюжетті Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрдың әртістері айнытпай сомдап шықты. 

IMG_2855.JPG

Әдеби кеште эстрада жұлдыздары  Сәкен Майғазиев, Ардақ Балажанова, Елена Әбдіхалықова, Серік Оспанов секілді танымал өнер жұлдыздары ән айтып, жас күйшілер өнерлерін көрсетті. 

IMG_2936.JPG

IMG_2893.JPG

IMG_2881.JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар