Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада «Астанадан тағзым» әдеби кеші өтеді

03.07.2014 413

Елордада «Астанадан тағзым» әдеби кеші өтеді

600_89b8ee0afcfbfbf6baab66242569f0b7.jpg

Бүгін, яғни 3 шілде сағат 17.00-де  «Жастар» сарайында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтердің туғанына 120 жыл толуына орай «Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырады.
Мерекелік шарада көрнекі жазушыларға арналған бейнесюжеттер көрсетіледі. Кештің мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын халық арасына кеңінен насихаттау, ұлы тұлғалардың бейнелері арқылы жастардың қазақстандық авторлардың шығармашылығына қызығушылықты ояту. Әдеби кеште эстрада жұлдыздары  Сәкен Майғазиев, Ардақ Балажанова, Елена Әбдіхалықова, Серік Оспанов және т.б. өнер жұлдыздары ән айтып, жас күйшілер өнерлерін көрсетеді. Әдеби-сазды кешке келіп тамашалаймын деушілерге есік ашық! 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар