Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Биік қала, бекзат қала, бақ қала» көрмесі

02.07.2014 1992

«Биік қала, бекзат қала, бақ қала» көрмесі

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Елорданың 16-жылдығына арналған «Биік қала, бекзат қала, бақ қала» атты кітап-иллюстрациялық көрмесінің ашылуы өтті. 
IMG_2687.JPG

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел, Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының директоры Ибрахим Йылдырым, «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» шеберханасы экология бөлімінің бастығы, биология ғылымдарының кандитаты Әсия Батырғожина, ҚР ҰАК бас директоры Үмітхан Мұңалбаева қатысты.    
IMG_2705.JPG IMG_2727.JPG
                    
Кітап-иллюстрациялық көрмесінің негізгі міндеттері - оқырмандарды ҚР ҰАК-ның қорындағы Астана туралы кітаптар мен электронды ресурстармен таныстыру, атап айтқанда,  Астананың құрылуы мен  қалыптасу тарихында еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлін көрсету, Елорданы Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде көрсету, астананың көрікті жерлерімен таныстыру, сондай-ақ,   келешек ұрпақтың адамгершілік-отансүйгіштік тәрбиесіне ықпал ету, еліне деген ұлттық сезімін ояту.  
IMG_2716.JPG IMG_2695.JPG

Көрме төрт бөлімнен тұрады: «Елорда шежіресі», «Қазақ Астанасының сәулетшісі», «EXPO-2017» - «Әлем таныған әсем шаһар», «Астана - шабытымның шалқары». Мұнда 100-ден астам кітаптар мен журналдар қойылған. 

«Елорда шежіресі» атты бірінші бөлімге Тәуелсіз Қазақстан астанасының қа¬лып-тасуы мен даму тарихы туралы кiтаптар мен электронды ресурстар, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы», «Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы» жарлықтары енді. 
IMG_2740.JPG IMG_2742.JPG

Екінші бөлім «Қазақ Астанасының сәулетшісі»  -  Елбасы мен Астана туралы, тұңғыш Президентіміздің бас қаламызды гүлдендірудегі, оның инфрақұрылымын дамытудағы, экономикамызды арттырудағы ерен еңбегі туралы әңгімелейді. «EXPO-2017 - «Әлем таныған әсем шаһар» атты үшінші бөлімде Астананың  халықаралық аренадағы алатын орны туралы ақпарат пен EXPO-2017 аясында өткізіліп жатқан жұмыстар жайы ұсынылды.  

«Астана - шабытымның шалқары» атты төртінші бөлімде оқырмандар Елорданы жырға қосқан белгілі ақындар мен жас қаламгерлердің өлең-жырлары, әндері енген жыр жинақтарымен танысады, сондай-ақ, мұнда Елорданың мәдени ошақтары туралы кітаптар қойылған. Бұл қатарда Астананың білім, ақпарат және мәдени орталығы болып табылатын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ерекше орын алары сөзсіз, оның базасында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы - ҚазҰЭК қалыптасуда. Сонымен қатар, бұл бөлімде «Астананың құрдастары» атты тақта қойылған. Елорданың құрдастары - 16 жасар астаналықтар - оқу озаттары, байқау жүлдегерлері марапатталып, Астана туралы өлеңдер оқылды. 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар