Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жыр додасының жүлдегерлері марапатталды

02.07.2014 661

Жыр додасының жүлдегерлері марапатталды

Бұған дейін сіздерге хабарлағанымыздай «Мәңгілік ел – ұлт мұраты»  республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кеше Конгресс Холл сарайында өтті. 

IMG_2526.JPG

Мәңгілік ел тақырыбы – Отаншылдық, Ұлттық рухтың мерейін асыратын, Елдікке, Бірлікке үндейтін, жас ұрпақтың жігерін жанып, намысын қайрайтын, туған ел мен туған тілге деген сүйіспеншілігін оятатын, қиыннан қиыстырып жырлай білген ақынға толғаған сайын көкжиегі кеңейе түсетін тұғырлы да ғұмырлы тақырып. 

IMG_2520.JPG

Биылғы жыр бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен, Қытай Халық Республикасынан, Монғолиядан 60-тан астам ақындар қатысқан болатын. Бәйгеде бағын сынаған ақындардың берілген тақырыпты тереңнен қозғап, кеңінен қамтып жырлауға барын салғандығы байқалады. Әсіресе, биылғы мүшәйрада Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына белсене үн қосқан жаңа есім – жас ақындар қатарының көп болуы қуантты. 

IMG_2536.JPG

Республикалық жыр додасына академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Ұлттық университетінің Филология кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов төрағалық еткен болатын. Қазылар алқасының құрамында жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы, ақын, «Тұмар» журналының бас редакторы Оңайгүл Тұржан бар қазылар алқасы мүшәйрға түскен шығармаларды мұқият оқып, сараптап, саралап, ақылдаса келе төмендегідей шешім шығарды: 

IMG_2642.JPG

Бас жүлде – темір тұлпарды семейлік жас ақын Арман Шеризатов тақымына басты. Бірінші орынды (1 миллион 500 мың теңге) алматылық талантты қызымыз Ақсүйрік Ізмұқанова қанжығасына байланды. Екі екінші орынды (800 мың теңгеден) қарағандылық қос ақын - Абзал Бөкен мен Ілияс Мұқаев иеленді. Үшінші орынға тігілген үш жүлдені (400 мың теңгеден) Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, «Шешенстанның Халық батыры», алматылық Рафаэль Ниязбеков, жезқазғандық Кенжебай Ахметов және астаналық белгілі ақын Талғат Ешенұлы өзара бөлісті. Бес ынталандыру сыйлығын (150 мың теңгеден) монғолиялық қарт ақын Шынай Рахметұлы, алматылық Батық Мәжитұлы, Қытай Халық Республикасының азаматы Серік Түсіпханұлы, ақтөбелік Балтабек Нұрғалиев, аягөздік жас талапкер Біржан Ахмер қатарлы ақындар еншіледі. Сондай-ақ, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Астана қалалық Тіл  басқармасының бастығы Ербол Тілешев, Астанадағы «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков тағайындаған үш арнайы сыйлық (100 мың теңгеден) астаналық Бақытжан Тобаяқовқа, шымкенттік Жарылқасын Боранбаевқа, ақтөбелік Гүлжайнар Қалдинаға бұйырды. Марапаттау рәсімі өнер жұлдыздарының ән-шашуымен жалғасын тапты. Жүлде алған және мүшәйра қоржынына келіп түскен шығармалардың таңдаулылары жыл аяғына дейін жеке кітап болып басылады деп күтілуде. 

IMG_2565.JPG

IMG_2596.JPG

IMG_2589.JPG

IMG_2602.JPG

IMG_2619.JPG

IMG_2634.JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар