Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Алтын қалам» қазақ тілді журналистердің V шығармашылық байқауы

10.06.2014 409

«Алтын қалам» қазақ тілді журналистердің V шығармашылық байқауы

загруженное.jpgENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге қазақ тілді журналистердің арасында V шығармашылық «Алтын қалам» байқауын өткізеді.
Байқауға республикалық және өңірлік басылымдардың, теледидар, радио және Интернет басылымдарының журналистері қатыса алады. 

Байқаудың мақсаты – кен байыту және металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен ҮИИД бағдарламасының жобаларының іске қосылуы, еңбек адамдары туралы жазған журналистерді анықтап, марапаттау.
Байқау қорытындысы мен журналистерді марапаттау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады.

Материалдарға қойылатын талаптар:

Байқауға жолданған материалдар кен байыту және металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, салалық мәселелер мен салада қызмет ететін еңбек адамдары туралы болуы қажет;
Материалдар республикалық және өңірлік қазақ тілді басылымдарда, Интернет басылымдарында немесе телеарналар мен радиода 2014 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның, телеарнаның немесе радионың атауы, материалдың мерзімі мен авторы көрсетілуі керек;
Кемінде үш материалдың (мақала, теле, радиосюжет) түпнұсқасы жіберілгені жөн; 
Материалдар 2014 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.
Материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

Материалдарды бағалау өлшемдері:

– Ақпараттық құндылығы;
– Сараптамалық тереңдігі;
– Тақырып өзектілігі;
– Журналистік шеберлігі;

Конкурс қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленген:

1 орын – бір аталым – 500 мың теңге.
2 орын – екі аталым – 400 мың теңгеден.
3 орын – үш аталым – 300 мың теңгеден.

Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: тел: +7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, yerzat.tursunkulov@kz.enrc.com 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар