Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын, бард, Табылдыға арналған әндерден "Сәйгүлік" атты фестиваль өтті

05.06.2014 455

Ақын, бард, Табылдыға арналған әндерден "Сәйгүлік" атты фестиваль өтті

1366177471-344.jpgАқтөбеде қазақтың тұңғыш әрі әзірге соңғы барды, ақын, Табылды Досымовтың шығармаларына және Табылдыға арналған әндерден "Сәйгүлік" атты фестиваль өтті. Кешке Табылдының курстастары (Ж.Құлиев, А.Сқабылұлы, С.Жанболат, т.б), белгілі журналистер, Жазушылар Одағынан ақын Ж.Әшімхан арнайы келді. Фестиваль өзінің деңгейінде өте тамаша өтті десек болады.

Марқұм Табылдымен көзінің тірісінде жақсы араласып, талай кештерде сахнаға бірге шығып едік. Гитара ойнау мәнерімізде, гитарамен ән салуда, гитараны қазақиландыруда көзқарасымыз сәйкес келе бермейтін-ді... Сөйте тұра қатты сыйластық. Оралға гастрольге шақырдым, жете алмады. Атырауға, туған ауылы Дендерге ол шақырды, мен жете алмадым. Ақыры бардым... Жүздесуге, сырласуға емес... Отбасына көңіл айтуға бардым. Әкесі қимай ұзақ қоштасып еді... Қыста Республикалық Т.Досымов атындағы қордың ұйымдастыруымен арнайы Дендерге барып, Табылдың рухына арнап концерт бердім. Әкесі де өтіп кетіпті өмірден...

Мынадай сайқал саясаттың заманында, пенделердің пиғылы өзгерген кезде осындай ауқымды кеш өткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Өз басымнан өткен, білем... Фестивальдің ойдағыдай сәтті шығуы жоғарыдағы айтылған қордың директоры, ақын Бижан Қалмағанбетовтің еңбегі дер едім. Табылдың өлеңдерін, әндерін республика көлемінде ғана насихаттап қоймай, шет ел қазақтарына (Қытай, Монғолия) дәріптеуде қосқан үлесі орасан зор. Таланттарды өлгесін мақтауды қатырамыз, жер басып жүргенінде бағалайық... (қолымыздан келсе, әрине... )

Актер, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар