Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтуде

29.05.2014 1116

«AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтуде

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған мерейтой он күндігі аясында (университет ректоратының алдындағы алаңда) «Интеллектуалды ұлттан – интеллектуалды оқуға» ұранымен «AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтуде.

1.jpg

«AlmatyBookExpo» халықаралық көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның Жазушылар одағы және Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылар қауымдастығы.

7.JPG

Көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы өз құттықтауымен бастады. Кітап мерекесінің ашылу салтанатында сөз алған Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов, Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылары Ассоциациясы Президенті,  ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Ж. Сейдуманов, И.Федоров атындағы Мәскеу  мемлекеттік баспа университеті ректоры К.В. Антипов және Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары К. Матыжанов көрме-жәрмеңкесіне қатысушы қонақтар мен баспагерлердің жұмысына сәттілік тілеп, кітап мерекесіне қатысушыларға алғысын білдірді.

8.JPG

Осы шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және И. Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университеті, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер мен кітап таратушылар Ассоциациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында әріптестік туралы келісім шарттарға үш жақты қол қою рәсімі өтті.

IMG_9155.JPG

Сондай-ақ баспа-полиграфия саласы, кітапхана жүйесі қызметкерлері және кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосқан еліміздің мәдениет, қоғам қайраткерлеріне «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі табысталып, «Зияткерлік жыл кітабы» номинациясы бойынша қорытынды шығарылып, жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен «Жауқазын» республикалық әдеби шығармалар байқауының қорытындысы жарияланды.

«Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалымен марапатталғандар:

Мұхтар Шаханов

Мұтанов  Ғалымқайыр

Бексұлтан Нұржекеев

Оразбек Нұрмахан

Уәлихан Қалижанұлы

Антипов Константин

Нұртөре Жүсіп

Бауыржан Жақып

Бақытжан Қанапиянов

Сужикова Альмира

Баспақова Шұға

Шәкен Күмісбайұлы

Анарбаев Нұрлан

Веревочкина Татьяна Ефимовна

Құл-Мұхаммед Рахима Абрарқызы

Мансұров Зұлқайыр

Салтанат Шорақызы

 3.JPG

«Зияткерлік жыл кітабы» номиннациясы бойынша:

1. «Үздік ғылыми-танымдық басылым» аталымы бойынша «қазақ тіл білімінің антологиясы» сериясы үшін «Абзал-ай» баспасы;

2. «Үздік әдеби басылым» аталымы бойынша Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын шығарғаны үшін «Атамұра кітапханасы» сериясы үшін «Атамұра» баспасы;

3. «Үздік фотоальбом» аталымы бойынша «Жетісу – жер жәннаты» фотоальбомдары үшін «Мектеп» баспасы;

4. «Балаларға арналған үздік танымдық басылым» аталымы бойынша «Балаларға базарлық» көркемсурет энциклопедиясы үшін «Қазақ энциклопедиясы»;

5.   «Үздік баспа» аталымы бойынша «Қазақ университеті» баспасы;

6.  «Зияткерлік жыл кітабы» аталымы бойынша ақын Олжас Сүлейменов «Сөз коды» кітабы үшін Гран-При жүлдесін иеленді. Гран-При жүлдесі үшін ұйымдастырушылар ақынға арғымақ мінгізді.

 5.JPG

«Жауқазын»  республикалық әдеби шығармалар бәйгесінің жеңімпаздары:

Бас жүлде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері университеті III курс студенті Нұртас Тұрғанбекке берілді. «Атамұра» корпорациясы атынан iPad4  планшетін қанжығасына байлады.


Жүлделі I орын Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология және әлем тілдері институтының IY курс студенті Құндыз Жұбаеваға берілді. «Ақнұр» баспасының атынан плазмалық теледидар сыйланды.


Жүлделі II орын әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің II курс студенті Тұрсынбек Башарға берілді. «Арыс» баспасы атынан планшет табысталды.


Жүлделі II орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ІІІ курс студенті Манас Қайыртайұлына табысталды. Жеңімпаз жас ақынға «Жас өркен» баспасының атынан плазмалық телевизор  сыйланды.


Жүлделі III орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті Алпамыс  Файзоллаға берілді. Қазақстан Жазушылар одағының атынан ұялы телефон және «Мектеп» баспасының фотоальбомы табысталды.

Жүлделі III орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің III курс студенті Ұлмекен Шәукеноваға берілді. «Экономика» баспасының атынан планшет табысталды. 


Жүлделі III орын Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті халықаралық құқық факултетінің II курс студенті Айдана Булатоваға берілді. «Қазақ энциклопедиясы» баспасының атынан Samsung Galaxy star ұялы телефоны табысталды.


Жүлделі IV орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің III курс студенті Анастасия Крюкова берілді. «Мектеп баспасының» атынан фотоальбом табысталды.


Ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды:

Әйгерім Түсіпқалиева

Еламан Қабділәшім

Әбіл Мирас Әбілұлы

Ежембеков Қуат

Наурызалиев Нұрлан

Шакенова Айжан

Қабылханов Ербол

Жадыра Байбуланова

Бекжанов Санжар 

Қойшыбаева Әсел 

Салтанат Қайырбек

Сейілбеков Нұржан

Жадыра Мұсабай

Марғұлан Ақанұлы

Бостанова Әлия

Кітап көрме-жәрмеңкесіне қарапайым оқырманнен бастап, отандық және шетелдік баспагер, Қазақстанның, Түркияның, Иранның, Қытай және Өзбекстанның әдеби агенттері, кітап саудасымен айналысатын ұйымдардың барлығы жиналды. Қазақтың арлан ақындары Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шахановпен кездесу өткізілді. О.Сүлейменовтың «Сөз коды», Реза Давари Ардаканидың «Фараби – ислам философиясының негізін салушы», Майкөзованың «Қазақстан арманы», А.П. Мамрайымовтың «Ұлы Жібек жолы» кітаптарының, Г.В.Канның «Қазақстан тарихы» оқулығының, 2014 жылы қарашада Алматыда өтетін «Open Central Asia Book Forum & Literature Festival» халықаралық әдеби фестивальдың тұсаукесері де өткізілді.

30-мамыр күні «Әдебиет порталы» интернет-жобасының таныстырылымы, «Рухани құндылықты сақтаудағы және ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттырудағы кітаптың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және ҚР БҒМ Философия, политология және дінтану институтының «Философиялық энциклопедиялық сөздік» басылымының және т.б. ғылыми әдебиеттерінің тұсаукесері өтеді деп жоспарлануда.

1.JPG

2.JPG

10.JPG

7.jpg

8-1.JPG

12.JPG

12-1.JPG

13.JPG

13-1.JPG

14-1.JPG

IMG_9341.JPG

IMG_9351.JPG

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар