Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Қазақтың ары» қазақ оқырмандарына жол тартты

15.05.2014 802

«Қазақтың ары» қазақ оқырмандарына жол тартты

14,02.jpg

Қазақтың руханият байлығы тағы да бір туындымен толықты. Жуырда Астана қаласындағы «Жасыл Орда» баспасынан филология ғылымдарының кандидаты Ахат Нұртас Ахатұлының «Қазақтың  ары»  атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. 

Нұртас Ахатұлы – 1961 жылы 11 қыркүйекте Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келген. Әдебиеттанушы-ғалым. «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна» секілді зерттеу жинақтарының авторы.

«Қазақтың ары» кітабында қазақ ұлтының рухани қазынасы – рух, намыс  сана,  тіл, сенім сияқты категорияларына талдау жасалған. Тәуелсіздіктің  ширек ғасырға жуық тарихи уақыты өтсе де қазақ ұлтының әлі де болса  өз қоғамында рухани  жүдеулікте күн кешуі себеп-салдарына талдау беріліп, бүгінгі жастарға арнала айтылған тұшымды пікірлері берілген.
2014 жылы 16 мамыр күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында автордың «Қазақтың ары» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне арналған «Ар» рухани-танымдық кеші өтеді. Рухани танымдық кешке елімізге танымал ақындар Қалқаман Сарин, Ұларбек Дәлейұлы, Ерлан Жүніс және Бауыржан Қарағызұлы қатысады. 



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар