Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті

15.05.2014 1039

Ақын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті

1364367845-198 (1).jpg14 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театрында ақын Ұлықбек Есдәулеттің 60 жылдық мерейтойына «Жылқы жылғы жүздесу» атты шығармашылық кеші өтті. 
Ақынды құттықтау үшін кешке зиялы қауым өкілдері жиналды. Ақынның достары, жақындары келіп ізгі тілектерін білдірді.

Кеш барысында мерейтой иесіне Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбедовтің  құттықтау жеделхаттары табысталды.

23.jpg

Шығармашылық кеште ақынның сөздеріне жазылған әндер орындалды. Қазақ эстрада жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Елена Әбдіхалықова, Меруерт Түсіпбаева, Бақтияр Тайлақбаев, Айгүл Қосанова, Гүлнар Сиқымбаева, Секен Тұрысбеков секілді таланттар ақын кешін әнмен әрлеп, күймен қошемет білдірді.  жұлдыздар келді. 

26.jpg

Кеш иесі өз өлеңдерін оқып, көрермен қауымды тағы бір жырмен серпілтті. Жүрекке жылы тиетін жауһар жырларды көпшілік ерекше ықыласпен тыңдады.

69.jpg

Ақынды құттықтауға келген бір топ ақынның замандас  жолдастары мен қоғам қайраткерлері Шөмішбай Сариев, Несіпбек Айтұлы, Олжас Сүлейменов сынды зиялы қауым өкілдері ақынды мерейтойымен құттықтап,  ізгі ниеттерін білдірді.  Қытайдан, Қырғызстаннан келген қонақтарды да айта кету керек.
Кеш соңында белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы ақын құрметіне Алматы облысынан ақын көше аты берілгендігін айтып жиылған жұртшылықтан сүйінші хабар сұрады. Алпыс жастың асқарына шыққан Алаш ақынын біз де құттықтаймыз!

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар