Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
"Новеллазия" 5 жеңімпаз анықтады!

04.05.2014 388

"Новеллазия" 5 жеңімпаз анықтады!

«Новеллазия» сайысының қазылар төрағасы Александр Улько мен барлық орталық азиядағы кеңесшілердің сараптауынан кейін 5 үздік шығарма анықталды. Бұған дейін авторлар арасында 15 адам қысқа тізімге ілінген еді.

Жеңімпаздар тізімі:

Автор

Шығарма

Елі

Тілі

Канат Омар

Бегство в Молдавию

Қазақстан

Орыс тілінде

Сафар Каттабоев

Необычный вор (Помпа)

Узбекистан

Орыс тілінде

Сид Янышев

Сборник рассказов

Өзбекстан

Орыс тілінде

Толибшохи Давлат

Журавли по весне

Тәжікстан

Тәжік тілінде

Мухаммадшариф Маматкулов

Воспоминания о СА

Өзбекстан

Өзбек тілінде

(Шығармалардағы сілтемелер арқылы рецензиясын оқи аласыз).

Сайыс жеңімпаздарының шығармалары орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, екі тілді новеллалар блогы ретінде, ал содан кейін иллюстрациялы кітап ретінде жарық көреді. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындалды.

Қысқа тізімге кірген авторлардың шығармалары ана тілінде новеллалар жинағы болып жарық көреді. Ал 2014-2015 жыл аралығында барлық қатысушылардың шығармалары бір топтама болып баспадан шығады деп жоспарлануда.

Таңдау жасау оңайға түскен жоқ. Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы автордың тіл шұрайлығына, стильдік ерекшелігі мен қойылған мақсатқа жету жолындағы кәсіпқойлығына үлкен мән берді.

Алексей Ульконың қорытынды сөзі:

«Ең алдымен 100 шығарма арасынан 5 үздік авторды таңдаудың қиындығы жайлы айтып өткім келеді. Тізімді 25 авторға, ал одан кейін 15, сосын 5-ке дейін қысқарту оңайға түспеді.

Қазылар алқасының төрағасы ретінде шығармалардың басым көпшілігін өзім қараған дұрыс болар деп ойладым. Дегенмен автордың шығармашылығы бір адамның көзқарасымен өлшенбеу керек. Сондықтан да шығарманы бірнеше қырынан талқылау үшін орталық азия кеңістігіндегі әдебиет саласында жүрген бірнеше кеңесшілер үздік шығарманы таңдауда ат  салысты.

Сондай-ақ шығармалардың ішінде сайыстың шарттарына келе қоймайтын дүниелер де аз болған жоқ. Кей шығармаларды адамның ішкі тебіренісімен емес, сыртқы факторлардың қыспақтауынан жазған сияқты.

Біздің басты мақсатымыз жеке тұлғаны жарнамалау емес, керісінше шынайы әдеби дүниені анықтау. Дегенмен біз шығарманың тіліне, сюжеттік желісіне, тақырыбына – бәріне көңіл бөлдік. Кейде таңдау жасау қиынға түскенде тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгіндік.

Соңында біз шығармалар ішінде қай тілге аударылса да орталық азия жайлы тың ойлар мен пікір, көзқарасын білдіре алатын туындыларды таңдадық. Ондай жаңалықтар не Discovery арнасынан да, не TripAdvisor’a беттерінен де табыла қоймасына сенеміз. Шығармалар әртүрлі кеңістікте, әртүрлі тілдерде жазылса да бір-бірін толықтыра түскені бізді сөзсіз таңқалдырды.

Барлық қатысушыларға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Жаңа шығармалармен таңысу біз үшін өте қызықты дүние болды. Соңғы жылдары жаңа кітаптар, әдеби сайыстар мен топтама басылымдардың саны қарқынды өсіп келеді. Сондықтан да қолына қалам ұстаған жандарға тек сәттілік тілеймін. Өз рухымызды жоғалтпай, тура жолдан таймай, дұрыс бағытты таңдайық!»

adebiportal.kz ұжымы жеңімпаздар қатарындағы жерлесіміз, талаттын ақын, прозаик Қанат Омарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен қуатты шабыт тілейді. 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар