Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Алматыда Құрманхан Мұқамәдиұлы шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді

29.04.2014 479

Алматыда Құрманхан Мұқамәдиұлы шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді

АИК.jpgҚұрманхан Мұқамәдиұлының  90 жылдығына орай «Қазақтың талантты ұлы, жазушы-драматург Құрманхан Мұқамәдиұлы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Құрманхан Мұқамәдиұлы белгілі саясат және қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, драматург.

Еңбек жолын 1942 жылы мұғалімдіктен бастап, аймақтық шшкі істер бөлімінде өкіл, бөлім бастығы, Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің бастығы, партия комитетінің бірінші хатшысы сияқты жауапты қызметтер атқарады. 1946 жылы Шыңжанда Шығыс Түркістан мемлекетін құру ісіне көмектесу үшін моңғолиялық қазақтарынан құралған партизандар бөлімінің комиссары болған.

Оның «Жасыл доң», «Асуда» жинағы 1959-1960 жылдары жарық көрген. Баян-Өлгий аймағы жазушылар бөлімшесін басқарды. Ол Моңғолияның жаңа заман әдебиетінің классигі Д.Нацагдорждың «Жұмбақ төбелері» операсының либореттасын қазақ тіліне нақышына келтіріп аударып шықты.

Мәжіліске тарихшылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен марқұмның ұрпақтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғылым ордасы, Шевченко көшесі,28, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, № 205 кабинет. Басталуы: 2014 жылы 30-шы сәуір. Сағат 11.00-де. Байланыс тел: 2733244, 87016636843., 2724654. 87714110133. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығ,  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар