Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Руслан Нұрбайдың жыр кеші өтеді

26.02.2014 517

Руслан Нұрбайдың жыр кеші өтеді

                                                                                   1964479_262671470576927_1814633938_n.jpg

Қазақтың адуынды ақыны Руслан Нұрбайдың "АР-РУХ" атты кітабы жарық көрді. Осыған орай 28 ақпан күні сағат 17.00-де «Шалқыма» концерт залында Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Руслан Нұрбайдың «АР-РУХ» кітабының тұсаукесері және «Бөрі өлең тұр болмыстың көшінде ұлып...» атты жыр кеші өтеді. Жан әлемін көктем аңқыған көрікті өлеңмен көркейтіп, рухани күш, рауанды әсер алғысы келгендер үшін керемет кеш болайын деп тұр. Келем деушілерге есік ашық.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар