Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Төлен Әбдіктің кітабы түрік тілінде жарық көрді

18.02.2014 1080

Төлен Әбдіктің кітабы түрік тілінде жарық көрді

Tölen ABDİK.png

Қазақстан  Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және  Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен "BENGÜ" баспасынан "Төлен Әбдік: өмірі мен таңдаулы шығармалары" ("Tölen ABDİK: Hayatı ve Seçme Eserleri") деген атпен жазушы Төлен Әбдіктің түрік тілінде кітабы жарық көрді. Түрік тіліне алғаш рет аударылған жазушының бұл кітабына оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген "Парасат майданы",  "Әке", "Оң  қол", "Қайырсыз жұма", "Тұғыр  мен  ғұмыр" атты әңгімелері енген. Шығармаларды аударғандар: Дархан Қыдырәлі ("Қайырсыз жұма"), Ашур Өздемир ("Оң қол"), Нұрбек Қайырмұхамедов ("Парасат майданы"), Элмира Қалжан ("Әке"), Айнұр Майемерова ("Тұғыр мен ғұмыр"). Алдағы уақытта бұл кітап порталымыздың түрік тілі нұсқасында орналастырылады. 


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар