Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
“Бүгін менің туған күнім!..”

07.02.2014 2269

“Бүгін менің туған күнім!..”

Makataev_m2.jpgМұқағали Мақатаев қазақ поэзиясындағы қайталанбас дара талант.  Поэзия әлеміне Әбділда Тәжібаевтың ақ батасымен келген ақын  бүгінде күллі қазақтың ардақ тұтар ұлы. Оның өршіл әрі нәзік иіріммен өрілген өлеңдері өмірдің өзіндей шынайы.  Сол шынайылықтың арқасында ол мәңгілік махаббат жыршысына  айналды. Оның қаламының құдіреті көз жетпес биік шың секілді. Ақын сол құдіретті өлшеммен құнды, сонысымен биік.

Көзі тірісінде оның “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және тағы басқа жыр жинақтары жарық көрді. Сондай-ақ, “Қош, махаббат!”  атты прозалық кітабы оқырмандар жүрегіне жол тартты.

Сонымен қатар, ол өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген. Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін , Шекспирдің “Сонеттерін”, Уолт Уитменнің өлеңдерін ана тілімізге тәржімалаған.

Бұдан бөлек, оның өлеңдеріне көптеген әндер жазылған.  Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» секілді өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Жақын күндері ақынның туған күніне орай Астана мен Алматы қалаларында еске алу кештері  ұйымдастырылды.

9 ақпан күні сағат 17:00-де Алматы қаласындағы Республика сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен “Соғады жүрек” атты ән кеші өтеді.

7 ақпан күні сағат 18:00-де  ақынның 83 жылдығына орай  Алматыдағы Жазушылар одағында  “Қарлығашым, келдің бе?” атты жас ақындардың жыр кеші өткізілді. Сонымен бірге, Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінде “Абай нұры” әдеби клубының ұйымдастыруымен ақынды еске алу кеші өтті. Бұл кешке астаналық зиялы қауым өкілдері мен бірқатар жас ақындар қатысты. Ал, ақпанның 8-ші жұлдызында сағат 18:30-да Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында белгілі ақын, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегері Серік Тұрғынбектің  жазған  “Мұқағали” атты поэтикалық драмасы сахналанды.   

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар