Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Есенқұл Жақыпбековтың туғанына 60 жыл

06.02.2014 348

Есенқұл Жақыпбековтың туғанына 60 жыл

8Vd5p8602S0bY9F9113KAFks9H966d.jpgҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Президент стипендиясының иегері, сонымен қатар, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанған қазақтың аяулы ақыны Есенқұл Жақыпбековтың туғанына 60 жыл толуына орай  10 ақпан күні сағат 16:00-де Алматыдағы Жазушылар одағының мәжіліс залында «Менен де өтті осы өмір...» атты әдеби-сазды еске алу кеші өткізілмек. Ақынның еске алу кешін  Қазақстан Жазушылар одағы және Алматы облысы әкімдігі қолға алып отыр.

Қазақ поэзиясына өзіндік өрнегімен келіп, халқының жүрегін тағылымды, нәзік, жанды жырларымен тербеткен Есенқұл Жақыпбековтың өмірден озғанына да бірнеше айдың көлемі болды. Ақын ортамызда болғанында алпысты алқымдар еді. 

Шайырдың көзі тірісінде  «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жеріңе табын», «Жанқисса», «Есіл дүние-ай», «Біздің елдің жігіттері», «Бұл жаз да өтер»  сынды жыр жинақтары жарық көрген.  Бұдан бөлек, оның авторлық  «Алдай-ау», «Қара күз», «Жұлдыздар», «Жаздың соңы», “Біздің елдің жігіттері” секілді бірқатар әндер халық арасында танымал. 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар