Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
С. Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды

03.02.2014 506

С. Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды

e655b0f206fbf990252fbd3b8dbcf002.jpg

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев қазақтың біртуар ұлы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы биылғы жылы бірнеше ірі іс-шара өткізілетінін де айтты. Мысалы, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығы кең көлемде аталып өтуі қажет. «Бұл және басқа да мерейтойлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі тиіс», - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, С.Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойы 1994 жылы облыстың Жаңаарқа ауданында кең көлемде аталып өтілген болатын.

Қайнар көз: www.baq.kz порталы

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар