Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада қос кітап жарық көрді

01.11.2013 409

Елордада қос кітап жарық көрді

a3e950344d5f4bad5a1f542708c26df1.jpg


Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Есть в жизни магистральный путь» және «Ақмола үшін айқас» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.  


Қос кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Әдебиет әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша басылып шығарылған. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен авторлар туындыларының кейіпкерлері қатысты. «Ақмола үшін айқас» кітабын филология ғылымдарының кандидаты, республикалық «Әділет БАҚ Медиа» газеті Редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин жазған. Кітапқа автордың әр жылдарда жазған очерктері мен есімдері елімізге танымалы журналистика жұлдыздары, ғалымдар мен әдебиеттанушылар туралы материалдар мен сұхбаттар енген. «Казахстанская правда» РГ» АҚ төрағасының орынбасары Александр Тараковтың авторлығындағы «Есть в жизни магистральный путь» кітабында қазақстандық қоғамның орнығуының өзекті мәселелері мен ел дамуының басымдық бағыттары көрсетіл, уақытпен үндес еңбектерімен өзгеге өнеге бола білген айтулы азаматтар кейіптелген.   



Қайнар көз: baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар