Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Әдебиет порталының» жаңа дизайнын таныстыру салт...

26.01.2017 3800

«Әдебиет порталының» жаңа дизайнын таныстыру салтанатына шақырамыз!

 «Әдебиет порталының» жаңа дизайнын таныстыру салтанатына шақырамыз! - adebiportal.kz

2017 жылғы 11 ақпанда Астана қаласындағы Назарбаев университетінің конференц-залында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа дизайнының таныстырылымы өтеді.

d7606bcd1842c6c8c72f5efc02b31754.JPG

Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, əдебиет майталмандары Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Əбдік, Рахымжан Отарбаев, Əнес Сарай, Қажығали Мұханбетқалиұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және Астанадағы ЖОО ректорлары, жетекші БАҚ басшылары қатысады.

Шара барысында Әдебиет порталында жасалған жаңғырту жұмыстары, интернет-ресурстың жаңа нұсқасы таныстырылады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» – заманауи ақпараттық технологиялар жетістігін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандар мен қаламгерлер арасындағы әдеби байланысты жандандыру, контенттік қолдау көрсету, түрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру миссиясын жүзеге асырып отырған, Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш ғаламторлық бірегей әдеби жоба.

Портал отандық рухани өнімдердің сандық форматтағы базасын құру, қазақ, орыс және өзге тілде жазатын қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, жалпы әдеби үдерісті жандандыру арқылы қоғамда биік талғамның, мемлекетшілдік ой-сананың қалыптасуына игі ықпал жасауды көздейді.

Порталдың жаңа дизайны іске қосылғаннан кейін оның мүмкіншіліктері де күшейіп, оқырманды қамту аумағы да кеңейе түспек. Бұрынғы «Аударма», «Хат», «Қысқаша мазмұн», «Иллюстрация» және басқа да арнайы жобалармен қатар, «Бір күй – бір әлем», «Бір ән – бір әлем», «Бір әңгіме – бір әлем» деген жаңа арнайы жобаларды да қолға алу жоспарланған.

Сонымен қатар, «Ашық мінбер» блогтұғырын заманға сай жетілдіріп, оған тіркелу мен блогты жүргізу, пікір алмасу жолдарын жеңілдету қолға алынған.

«Әдебиет порталында»«Әдеби аударма» атты арнайы жоба жүргізіліп отырады. Онда Үкімет тарапынан қазақ әдебиетіндегі үздік шығармалар бірқатар шет тілдеріне, сондай-ақ әлем әдебиетінің жауһарлары қазақ тіліне аударылып отырады;

«Аудиокітаптар»жобасында қазақ халық ертегілерінің, батырлар жырлары мен жыраулар поэзиясының, қазіргі заман әдебиетіндегі классикалық туындылардың аудионұсқалары шоғырландырылған. Кез келген оқырман оларды онлайн түрде тыңдап, басқалармен бөлісе алады;

«Әдебиет порталы» өз қызметі арқылы танымдық-теориялық, педагогикалық-ағартушылық миссияны ұстанады. Оқушылар, студенттер, оқытушылар және жалпы қауым өзіне керекті ақпаратты осы порталдан таба алады. 



adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар