Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада ұлы ойшыл Әлішер Науаидің кеші өтті

21.02.2017 2961

Астанада ұлы ойшыл Әлішер Науаидің кеші өтті

Бүгін, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында  ЮНЕСКО-ның шешімімен “Халықаралық ана тіл күніне” және Қазақстанда 1 наурызда атап өтілетін "Aлғыс айту күніне" орай кеш өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының қолдауымен өткен әдеби-мәдени кеш түркі әлемінің ұлы ақыны Әлішер Науаиге арналды.  

a4185b1948e3614f667a057bed86f7c3.jpg


2cd050406cb1f3c2b70aeab0d141993b.JPG


Әдеби-мәдени кештің негізгі мақсаты – түркі тілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттауда әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру мен мәдениет пен тілді сақтау және дамыту.

Іс-шараны құрылғанына 10 жыл толып отырған Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы ұйымдастырды. Түркі халқының әйгілі ойшылы, әрі ақыны Әлішер Науаиге арналған бұл әдеби-мәдени кеш  Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған.

f5ef8ace4aec582ce2ea7d3024a38125.JPG


Аталған іс-шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан Республикаларының Қазақстандағы Елшіліктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақындар мен ғалымдар, жастар және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

25f78c3edf3345f803103bdd0347499a.JPG


Кеш өзбектің ұлттық биімен жалғасып, ән-жырмен көмкерілді.

16e72d32bc130af708c75898ab12bc75.JPG


401b76e1fa487c7ab7ef1881e2a46c81.JPG


Айта кетейік, түркі халқының ұлы ақыны, мемлекет қайраткері, ойшыл  Әлішер Низамаддин Мир Науаи XV ғасырдың екінші жартысында Герат қаласында дүниеге келген. 15 жасынан бастап парсы және түркі тілдерінде қалам тербейтін ақын ретінде таныла бастайды. Ол шығыс әдебиетінің жұлдыздары Хорезми, Жәми, Фирдауси, Низами, Сайф Сараи шығармашылығымен етене танысып, олардан үйренеді. Ақын, ғалым, суретші, музыканттар мен құснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасап, өз қаржысына мектептер, шеберханалар, жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар салдырған.

Әлішер Науаидің ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырды. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары Рахманқұл Бердібаев, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов т.б. елеулі үлес қосты.  Оның өлеңдерін қазақ жұртшылығына жеткізуде Қалижан Бекхожин, Әбділда Тәжібаев, Өтебай Тұрманжанов, Қуандық Шаңғытбаев, Жақан Сыздықов, Ғафу Қайырбеков, Қайрат Жұмағалиев, Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырзалиев т.б. ақындардың еңбегі зор.

Ұлы ойшылдың түркі-шағатай тілінде «хамса» жырлар тобына енетін негізгі шығармалары:

- “Фархад пен Шырын”,

- “Жақсылардың таңдануы”,

- “Ләйлі мен Мәжнүн”,

- “Ескендір дуалы”,

- “Жеті әлем”.



Руслан Беген


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар