Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада мюзикл!

24.02.2017 1945

Астанада мюзикл!

Еліміздің әр өңірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғаларға, жастық шақтағы шынайы достық пен махаббат иірімдеріне құрылған мюзиклді тамашалауға шақырамыз.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының» «Astana Musical» театры ұсынып отырған «Достар серті» атты бұл қойылым 2017 жылдың 28 ақпанында 19 сағатта «Қазақконцерт» концерт залында (Астана қ-сы, Мәңгілік ел к-сі, 10/1) өтеді.

   5d81d5dcca2d6eed76baf7a6e839a917.jpg

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарындағы оқиға бойынша өрбитін мюзиклге сол жылдардағы қазақ музыкасының корифейлері Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болады. Сонымен бірге әлемдік музыканың жауһарлары Франкель, Битлз репертуарының шығармалары, жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар да бар. Либреттоның авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург – Әннас Бағдат. Қойылымның музыкасын жазған республикаға танымал дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – Еслям Нұртазин.

Еліміздегі тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры «Astana Musical» кілең іріктеуден өткен жас актерлердің өнерін ортаға салмақ. Мюзиклде жеке орындаушылар, «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Bigband» ансамблінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқайды.

   f14aa60e6fcc2ba8160b05128e35c3b1.jpg

Елорданың мәдени әлеуетін арттыру және театр қызметінің алуан түрлі жанрын кеңейту; еліміздегі ең ірі концерттік құрылым саналатын «Қазақстан» концерт залының бар мүмкіндігін пайдалана отырып әртістердің шеберлігін шыңдау, кәсібилігін арттыру; есімі елге әйгілі өнер жұлдыздарымен тығыз байланыс жасау арқылы жастарды әлемдік деңгейде таныту мақсатын берік ұстанған ұжымның өнерін тамашалауға көптеп келіңіздер!

«Әдебиет порталы» қойылымға ақпараттық қолдау білдіре отырып, елордалық көрермендерді көп теп келуге шақырады. Мюзиклден рухани қуат алып, қанаттанып шығатыныңызға күмән жоқ!

   acac2f6c17f178bb7bca7b6f292bdf6d.jpg

Өтетін уақыты мен орнын тағы да естеріңізге саламыз:

2017 жылдың 28 ақпанында 19 сағатта «Қазақконцерт» концерт залында (Астана қ-сы, Мәңгілік ел к-сі, 10/1) өтеді.

                                                          

                                                          

                                                          

                                                          


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар