Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ақын. Композитор. Әнші» атты әдеби-сазды кеш өтед...

02.03.2017 5561

«Ақын. Композитор. Әнші» атты әдеби-сазды кеш өтеді

«Ақын. Композитор. Әнші» атты әдеби-сазды кеш өтеді - adebiportal.kz

2 наурыз күні сағат 15:30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Мәжіліс залында «Астана EXPO-2017» көрмесіне орай Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Алматы облысы мен Ескелді ауданының Құрметті азаматы, ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың «Ақын. Композитор. Әнші» атты шығармашылық әдеби-сазды кеші өтеді.

5032f053dcf989a44183e38e7216aff6.jpg

Сайлаубай Есжанұлы Тойлыбаев – 1951 жылдың 8 мамырында Алматы облысы, Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келген. 1972 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы тәмамдап, «Қайнар» баспасында редактор, «Кітап жаршысы» газетінде аға редактор болып өзінің қаламын ұштай түседі. 1991-1996 жылдары «Қазақ мұнай өнімдері» концерні Президентінің көмекшісі болған. Қазақ радиосында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүріп, «Руханият» редакциясының Бас редакторы қызметімен жалғасады.

Алғаш өлең жазуды 1962 жылы 5 сыныпта оқи жүріп бастаған ақын. Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, кейіннен республикалық басылымдарда жарияланып отырған. «Жыл – он екі ай» және «Қарлығаш» жас ақындар жинағына бір топ өлеңдері енген. 1987 жылы «Жалын» баспасынан Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов жайлы «Біздің Талғат» деп аталған балаларға арналған кітабы да жарық көрген. 2001 жылы «Қазақпарат» баспасынан «Үркер ауып барады», 2011 жылы «Алатау» баспасынан «Өмірімнің бәрі өлең» деген өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. 2014 жылы «Мөлдір махаббат» деп аталатын лирикалық жаңа жыр жинағы басылып шыққан.

Сонымен қатар еліміздегі танымал әншілер Мұратқан Егінбаев, Мақпал Жүнісова, Ағайша Исағұлова, Әнуар Бекжанов, Дариға Тілендікеліні, Мақсат Жәутіков, Мүбәрак Салықов, Ғалымжан Тамендеров, Дүйсенхан Сыздықов, Сәкен Дәрібаев, Сәкен Қалымов, әнші-сазгер Гүлнұр Өмірбаева, Алтын Махамбетовалардың  орындауындағы ән мәтіндерінің де авторы.

Кештің қонақтары - Еділ Ерғожин, Қуаныш Сұлтанов, Қуаныш Айтаханов, Жабал Ерғалиев, Нұрлан Қылышбаев, Әділ Ахметов, Нұртілеу Иманғалиұлы, Ұлықбек Есдәулет, Қонысбай Әбіл, Сайраш Әбішқызы, Шәрбану Бейсенова сынды тұлғалар болады.

Кеш модераторы: Ақын - Серік Сейітман.

Кеште әнші-композитор - Ағайша Исағұлова мен күйші Сәрсенғали Жүзбаев және Дина Хамзина, Эльмира Абдолданова сынды өнерпаздар да өнер көрсетеді.

   

ҚР ҰАК баспасөз қызметі: Мөлдір Баймаханбетова  тел.: 47 27 04, 8 701 579 80 80

эл.пошта: moldir_nabrk@mail.ru 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар