Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қаламгерге құрмет...

09.03.2017 2869

Қаламгерге құрмет

Қаламгерге құрмет - adebiportal.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы орталығындағы М.Көкенов атындағы Мәдениет үйінде жазушы-драматург, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлының 60 жасқа толған орай мерейтойлық іс-шара өткізілді. Кештің өткізілуіне Қызылорда облысының әкімдігі тікелей қолдау көрсетті. Шығармашылық жиын кезінде облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов сөйлеп, қаламгерге облыстың Құрмет грамотасын табыстады, ал Қорқыт ата университетінің проректоры А.Жүнісов «Қорқыт ата алтын медалін»  тапсырды.

8e38acd150889093562a92cff4354c0d.jpg


Бұл шараға Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайылдар қатысып, өздерінің жылы лебізді құттықтау сөздерін арнады. 


Кешті филология ғылымының докторы, белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек жүргізді.


Кеш соңында қаламгердің жерлестері жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлына құрмет көрсетіп, иығына  шапан жапты.  



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар