Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ер Төстік» мюзикліне шақырамыз!

05.04.2017 2085

«Ер Төстік» мюзикліне шақырамыз!

Сәуір айының 14 күні «Қазақстан» орталық концерт залында сағат 19:00-де «Astana Musical» театрының әртістері астана тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу – «Ер Төстік» аттас қазақ халық ертегісі желісі бойынша жасалған мюзиклін тарту етеді.

«Қазақстан» ОКЗ сахнасында тамаша әуеннің жарқылына толы, бірегей хореография, жанды вокал, керемет бейне инсталляция, бір сәтте ауысып отыратын көз тартарлық декорациялар, әдемі костюмдердің ауысуы мен әртістердің кәсібилігіне толған әсерлі іс-әрекет орын алады.

Музыка авторы – Болатбек Нұрқасымов

Либретто авторы – Әннәс Бағдат

Сценарист және қоюшы-режиссері – Есләм Нұртазин.

Туындының басты мақсаты – Жақсылық, Абырой, Ақыл, Намыс, Махаббат секілді жоғары адамгершілік сапаларды бекіту. Олардың толассыз күші Зұлымдықты жеңіп, қараңғылықты сейілтеді.

Мюзиклдің сюжеті ержүрек батыр Ер Төстіктің қанішер Темір хан әміршісі болып табылатын Жерасты патшалығының зұлымдық күштерімен күресі туралы сөз етеді. Темір хан Жерүсті әлемін де жаулап алып, оны мәңгілік қараңғылыққа басуға ұмтылады. Оның қол астында қуатты көмекшілері – перінің қызы Бекторы, Жалмауыз, Дию, Шойынқұлақ, Жалғызкөл, Дүлей, Обыр бар.

Ал жақсылық жақта Ер Төстік, оның сүйіктісі – сұлу Кенжекей, тұлпары Шалқұйрық, достары – Таусоғар, Саққұлақ, Көлтауысар, Желаяқ, Епті, Қырағы, Тұмар хан бар.

Зұлымдықты тоқтата алатын батырдың туғанын естіп, Темір хан өзінің жақтастарының көмегімен батыр мен оның достарын құрту үшін барын жасайды. Бірақ Ер Төстік Зұлымдық күштерімен теңсіз шайқасқа шығып, жеңімпаз атанады және өз жерінің нағыз құтқарушысы болады...

«Ер Төстік» мюзиклі – сондай-ақ қызыққа толы оқиғалар, батырлық, ерлік және махаббат желісінің таңғажайып шешімі.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар