Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы басты назарда

26.05.2017 4551

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы басты назарда

26 мамырда Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы өтті.

Комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ауқымында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Соның ішінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының, Алматы қаласы мен Қарағанды облысы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелері, тұжырымдамалық ұстанымдар және одан әрі қызметті ұйымдастырудың нақты шаралары аясында, латын қарпіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобалары бойынша, жұмыс топтарының жетекшілері есеп берді.

Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның ішінде арнайы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалды.

Отырысқа қатысушылар бағдарламадағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жобалық ұстанымды енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ұлттық комиссия мүшелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әзірленген әдістемелік материалдар, соның ішінде БАҚ-қа арналған әдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік ұсынымдар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша құрал, Бағдарлама туралы маңызды сұрақтардың 20 жауабы ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, мемлекеттік органдар мен жұмыс топтарының жетекшілеріне тапсырмалар берілді.

***

Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Ұлттық комиссия қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруды және елдің мәдени-гуманитарлық дамуын жан жақты қамтамасыз етуді көздейді.

Комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялардың өкілдері кірген.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар