Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«АДЫРНА» ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!

25.11.2016 571

«АДЫРНА» ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!


15171288_1114555085258744_5070948830758246273_n.jpg



Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбеден «Адырна» атты республикалық әдеби журнал шыға бастады. 

Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы — Мейірхан Ақдәулетұлы. Редактордың айтуына қарағанда, "Адырнаға" тек қана үздік туындылар жарияланатын болады".

Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сияқты ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары еніп отыр. Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің де өлеңдері қазақша «сөйлеп» тұр. 

Айтпақшы 29.11.2016 жылы 15.00-де Алматыда, Жазушылар одағының ғимаратында «Адырнаның» тұсаукесері болады. Ақын-жазушыларды, БАҚ өкілдерін, студенттерді һәм барша тілеулес жандарды сол кешке шақырамыз! Келіңіздер!




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар