Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жазушы Жан Ақжановтың жаңа кітабы жарық көрді

24.11.2016 397

Жазушы Жан Ақжановтың жаңа кітабы жарық көрді


Хикаяда Қазақстан қалаларының сиқырлы пейзажы аясында өтетін Алсуа мен Сайдардың арасындағы махаббат жайы баяндалады. Жазушының айтуынша, хикаяттағы әсерлі оқиғаларды барынша шынайы жеткізу үшін өмірдің әр саласына белсене араласып, қара жұмысшылармен бірге жұмыс те істеп көрген.

Жазушы Жан Ақжановтың жаңа кітабы жарық көрді.JPG

«Мысалы, теміржол вокзалындағы машинистермен араласып, жұмыс жайымен танысып бір жарым жыл жұмыс істедім. Қайнаған базар өмірі, жұмбаққа толы адамның жан дүниесін ашу үшін небір эксперименттер жасауға тура келді. Шығарма қазақ тіліне аударылып жатыр, жаңа жылда оқырмандарға жол тартады» дейді жазушы.


Жазушы, енді «Аспаннан құлаған тастар» атты кезекті туындысын жазып жатыр. Жақын күндері аяқтап, баспаға да бермекші. Көп жылдар бойы шет мемлекеттерде тұрған Жан Ақжанов Қазақстанда кітап шығару ісі, тарату ісі бір жүйеге қойылмағандығына қынжылады. Сонымен бірге жастар әлеуметтік желіде өмір сүргенді доғарып, рухани-мәдени даналықты көркем әдебиет оқу арқылы бойларына дарытса дейді. Жазушы итальян, малай, ағылшын, тай, орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген.


«Әрбір адамның өмірі – жазылмаған кітап. Құбылмалы, өзгермелі, сусымалы мына өмірде адамдар кітап оқып, мейірімді, жанашыр болса» дейді ол. Жан Ақжанов Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. Жазушылыққа бала кезінен ден қойған. Қазіргі күні ойында 30 шақты әңгіменің сюжеті дайын тұр. Тек қағазға жүйелеп түсіру машақатты жұмыс екенін айтады. Ол кітаптарын өз қаржысына шығарып келеді. «Мәңгілік ел болу үшін әдебиет ауадай қажет» дейді ағынан жарылған жазушы.


Оның айтуынша, Андрей Кончаловский, Никита Михалков сынды ресейлік танымал кинорежиссерлер шығармаларына қызығушылық танытып отыр. Болашақта бірлесіп тамаша фильм түсіру жоспарда бар дейді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар