Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Тәуелсiздiк дәуiрi – ұлттық құндылықтар дәуiрi» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

22.11.2016 386

«Тәуелсiздiк дәуiрi – ұлттық құндылықтар дәуiрi» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді


15151022_707378929439136_1650841825_n.jpg

2016 жылдың 24 қарашасында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСIЗДIК ДӘУIРI – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘУIРI» атты ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлаймыз.


Ұлттық әдебиет пен өнердiң ширек ғасырдағы өсу жолы мен жетістіктерін саралау мақсатында арнайы ұйымдастырылып отырған салтанатты іс-шараға әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар мен ғалымдар, оқытушы-профессорлар, PhD докторанттар мен магистрлер қатысып, баяндама жасайды. Сондай-ақ конференцияның құрметті қонақтары 0атарында танымал қаламгерлер, театр және кино саласының қайраткерлері, сазгерлер мен қылқалам шеберлері де шақырылды.


Бүгінгі көркем әдебиет пен өнердің даму үрдістері мен перспективаларын нақты зерделеуге бағытталған ғылыми жиынның тұжырымдары негізінде көркем мәдениеттің көкейкесті мәселелері анықталып, жалпы ахуалына баға беріледі деп күтілуде.


Конференция «Ғылым Ордасының» концерт залында өтеді. 

Басталуы – сағ. 10.00-де.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар