Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
1 000 000 теңге болатын "Ұлт болмысы" әдеби сыйлығы тағайындалды

27.10.2016 295

1 000 000 теңге болатын "Ұлт болмысы" әдеби сыйлығы тағайындалды


14826454_591608784356848_870553488_n.jpg


Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесе отырып, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым !» атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында байқау жариялады. «Әдебиет порталы» аталған байқауға үн қоса отырып, 18-45 жас аралығындағы ақын-жазушыларды белсене қатысуға шақырады!

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қалам  ұстап жүрген жастарға тәуелсіздіктің құндылығын арттырып, ел мен жердің тұтастығын, қазақ деген текті ұлттың болмысын кестелі жыр мен көрнекті шығармаға арқау ету. 

 

 - руханияттың маңызды саласы әдебиеттің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

 

- жас таланттардың танылуына себепкер болу.

 





Тағайындалған сыйлықтар:

 

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – бас жүлде 1000 000 теңге

 

 Поэзия бойынша 


Бірінші орын - 500 000 теңге,

 

 Екінші орын - 200 000 теңге

 

 Үшінші орын - 100 000 (екеу) теңге

 

Ынталандыру сыйлығы - 75000 (екеу) теңге

 

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50000 теңге

 

Республикалық «Сауап» қоғамдық қорының арнайы жүлдесі (біреу) 100 000 теңге (бұл жүлде патриоттық тақырыпта руxты, өр өлең жазған ең жас үміткерге беріледі)


 

 Жасөспірімдерге арналған проза бойынша:



Бірінші орын - 500 000 теңге

 

 Екінші орын - 200 000 теңге

 

Үшінші орын - 100 000 (екеу) теңге

Ынталандыру сыйлығы - 75000 (екеу) теңге

 

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50 000 теңге

 

Қатысу шарттары: Мүшәйраға әр автордан топтама өлең немесе толғау, баллада, поэмалармен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалар (көлемі компьтерлік 15 беттен аспайтын хикаят, көлемі 8 беттен аспайтын әңгіме) қабылданады.

 

Конкурсқа жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек. Байқауға келіп түскен үміткерлердің шығармаларын танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы әділ сараптайтын болады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

 

* Мүшәйраға 18-45 жасқа дейінгі ақындар мен жазушылар қатыса алады;

 

* Шығармалар 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 12 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді. (өзгерістер болса қосымша хабарланады)


 

Шығармалар тек компьютерге теріліп, электронды нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайда қабылданады;

 

* Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына электронды пошталарға жіберілуі керек: gulzhanaramantai@mail.ru және eltutka@mail.ru

 

* Қатысушының аты-жөні; тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты жеке конвертке салып, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, «Ұлт болмысы» журналына жіберілуі тиіс.


(Ұлт болмысы журналының индексі 74479)


 Байланыс телефондары: 8727 2 20 96-66, 87755655762, 87753028671



 

* Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

 * Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады;

 * Барлық шығармалардың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс; Қосымша талаптар:

 * Шығарманы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек.




adebiportal.kz


 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар