Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада “Қазақстан–Түркия достық әуендері” концерті өтеді

21.10.2016 309

Астанада “Қазақстан–Түркия достық әуендері” концерті өтеді


Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі(TIKA) Астана координаторлығының ұйымдастыруымен Қазақ елінің тәуелсіздік мерекесіне арналған 26-27 қазанда елордада “Қазақстандағы Түркия күндері” өтеді.


Қазақстан тәуелсіздігін ең алған таныған мемлекет – Түркия екені баршамызға аян.

KZ-TR достық әуендері.jpg

Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының хабарлауынша, Астана халқы мен қонақтары "Түркия күндері" аясында 26 қазан күні сағат 19.00-да КазМедиа кино және концерт залында "Қазақстан –Түркия достық әуендері" атты концертті тамашалай алады.


Концертке Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты "Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі" арнайы мерекелік репертуар дайындап, елорда тұрғындарын түрік әуеніне бөлемек. 2 сағатқа созылатын мерекелік концертте түрік әндері және билерімен қоса Анадолы жұртынан келетін өнерпаздар қазақша туындыларын да көрермендерге ұсынбақ.


Аталған іс-шараға Қазақстаннан танымал әншілер Кәмшат Жолдыбаева, Димаш Құдайбергенов, Гүлнұр Оразымбетова және "Ханзада" тобы қатысады. Қазақстандық өнерпаздар түрікше өнер көрсетсе, Түркиялық өнерпаздар да қазақ тілінде өнерлерімен тәнті қылмақ.


Атап өту керек, концерт ақысыз түрде өтеді. Тағы бір айта кететін жәйт, концертке келген көрермендер арасында лоторея ойнатылып, “Түрік әуе жолдары” компаниясының Ыстамбұл қаласына барып-келу лоторея билеті ойнатылады. Сондай–ақ смартфон да лоторея ұтысына тігілмек.

AFİŞ-SON.jpg

Бұдан бөлек, "Түркия күндері' іс-шарасы аясында 27-қазанда "Османлы дәуіріндегі сарай киімдері дефилесі" өтетінін де назарларыңызға ұсынамыз. Дефиледе Түркияның Адана қаласының “Қыздар техникалық қолөнер училищесі” дайындаған Османлы дәуіріндегі сарайда қолданылған киім үлгілері өнер сүйер қауымның көзайымына айналады. Ыстамбұлдың “Топкапы” және “Долмабахче Сарайында” ғасырлар бойы сақталып келген құнды жәдігерлерді негізге ала отырып дайындаған аталған оқу орнының стилистері, 40-қа жуық киім үлгілерін көрермендерге ұсынады.


Барша елорда тұрғындары мен қала қонақтарын 26 қазанда өтетін "Қазақстан –Түркия достық әуендері" концертін тамашалауға шақырамыз! 


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар