Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
“Орыс тілді қауыммен жұмыс” жобасы қорытындыланды

13.10.2016 257

“Орыс тілді қауыммен жұмыс” жобасы қорытындыланды


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті өткізген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы бойынша орыс тілді азаматтар арасында өткізілген іс-шаралардың қорытынды брифингі өтті. «Дипломат» қонақүй-кешенінде өткен брифингте қоғам қайраткері Дос Көшім, белгілі саясаткерлер Оразкүл Асанғазы, Расул Жұмалы және басқа да жауапты тұлғалар журналистер алдында үш жыл аясында атқарған шаруаларын кеңінен баяндап берді.


“Орыс тілді қауыммен жұмыс” жобасы қорытындыланды.jpg


Аталған жобаның жетекшісі Дос Көшімнің, өзге де мүшелердің айтуынша, үш жылдың ішінде Қазақстанның алты облысындағы орыс тілі басымдыққа ие елді мекендерінде 90 іс-шара ұйымдастырылып, мыңдаған адаммен тікелей ашық пікірлесу өткізілген.


Брифингте тілге тиек болған мәселелерді қысқаша баяндап өтелік.


«Жобаны жүргізуге облыстардағы жергілікті тіл басқармаларының үлкен көмек жасағанын айта келе, орыс тілді аудиториямен жалпы түсіністік орната алғанын ерекше атап өтті.


Жалпы біздің елімізде екі түрлі ақпараттық қауым өмір сүріп жатыр. Қазақ тілді аудиторияның өз талқылайтын проблемасы бар. Ал орыс тілді қауым бұл мәселеден көбіне аулақ болады.


Сондықта да болар, бір байқағанымыз – еліміздегі орыс тілді қауым жалпы мемлекетегі тілдік ахуалды білмейді. Ашық дискуссия, түсіндірудің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен орыс тілді қауым мен кейбір мекеме қызметкерлерінде белгілі бір стереотиптер қалыптасқан. Олар: «Қазақ тілін меңгеру өте қиын», «қазақ тілі отбасы-ошақ қасылық деңгейде болмаса, өзге салаға жарамайды» деген сияқтылар. Біз халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк қызметкерлерімен осы мәселе бойынша әңгімелесу барысында анық көз жеткіздік.


Қазақ тілінің мәртебесін арттыруға қарсы болып отырған ешбір өзге ұлт өкілдерін көрмедік. Тек олармен дұрыс жұмыс жүргізе білу керек. Бір нәрсені, мысалы бір ономастикалық нысанды өзгертерде халықты жинап бірден жиналыс өткізіп гөрі, алдын-ала түсіндіру шараларын жүргізгеннен кейін ғана нәтижеге жетуге болатындығына тоқталды.


Тіл саласындағы ең ауыр күрес – орыс тілді қазақтармен жүрілетінін қынжыла айтқан жоба жетекшілері өздері жүрген өңірлердегі өзге ұлт өкілдерінің: «Біз үйренуге қарсы емеспіз. Жергілікті ұлт өкілдері өздері сөйлемесе, кіммен сөйлесеміз? Қазақ тілі бойынша сабақтарды орындауға балаларымызға да көмектесе алмаймыз», - деген сияқты уәждерін көп естіген екен. Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдану мәселесін қатаңдату, әсіресе шенеуніктерден талап ету керек деген ұсыныстар айтылыпты.


Қорыта айтқанда, енді қорғалайтын ештеңе де жоқ. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында талапты күшейту керек».


Жобаға қатысушылар осылай түйді. «Бәрін айт та бірін айт, ана тілдің жырын айт» демекші, ана тілі жырының шеті мен шегі әлі де алыстау-ау», - деген ой түйдік. Ертеңнен үміт күткен елміз ғой, тіліміздің ертеңі жарқын болсын!



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар