Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
XVII Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысыңыз

25.02.2014 3067

XVII Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысыңыз

                                     лого Шабыт.jpg
XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша (Поэзия) биылғы қатысушыларды тіркеу, іріктеу «Әдебиет порталы» арқылы жүзеге асады. «Әдебиет порталы» конкурсқа қатысушылардың өлеңдерін онлайн түрде ашық жариялайды. Оған портал пайдаланушылары 2014 жылдың 15 қазанына дейін пікір жазып, талқылап, бағалап отырады.

Конкурстың талаптары:
1. Конкурсқа қазақ және орыс тілдерінде жазылған немесе осы тілдерге аударылған шығармалар (өлеңдер топтамасы, поэмалар) қабылданады.
2. Конкурсқа 16-32 жас аралығындағы барлық ұлттың өкілдері қатыса алады.
3. Шығармалар электронды түрінде
adebiportal@kzcontent.kz қабылданады.
4. Конкурсқа материалдар 2014 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
5. Ұсынылатын шығармалардың көлемі:
     – өлеңдер топтамасы – 300 жолдан аспауы керек;

– Поэма 700 жолдан аспауы керек.

6. Қолжазбалар қабылданбайды.

 

Конкурстың қаржылық шарттары:

1. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды конкурс пен фестивальға қатысудың барлық кезеңінде тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді.
2. Шетелдік қатысушылар ресми шақыру қағазы мен конкурсқа қатысушы мәртебесі бекітілгеннен кейін Қазақстанның елшілігінде төлқұжаты және визаны өзі рәсімдейді.

Сыйлықтар мен марапаттар:

Бас жүлде (Гран-при) – Лауреат дипломы, медаль және 250 000 теңге ақшалай сыйлық;
1 орын – Лауреат дипломы, медаль және 200 000 теңге ақшалай сыйлық ;
2 орын – Лауреат дипломы, медаль және 150 000 теңге ақшалай сыйлық;
3 орын – Лауреат дипломы, медаль және 100 000 теңге ақшалай сыйлық.

Арнайы сыйлықтар:

– Астана қаласы Мәдениет басқармасының арнайы сыйлығы;

– Лауреат атағын ала алмаған, ақтық сынға қатысушылар дипломмен және «Халықаралық конкурс дипломанты» атағымен марапатталады.

 Жүлде алған шығармалар белгілі әдебиет қайраткерлерінің пікірімен «Әдебиет порталында» жарияланады.

 

Ескертулер:
«Шабыт» фестивалінің алдыңғы жеңімпаздары (Бас жүлде (Гран-при) және І орын) байқауға қатыспайды.

Қазылар алқасы:
Қазылар алқасының құрамы әдебиет саласында белгілі және танымал қайраткерлерден тұрады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды

adebiportal.kz

adebiportal@kzcontent.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар