Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Перзент тілегі» орындалды... (айтыскер ақын Серік...

23.03.2014 4837

«Перзент тілегі» орындалды... (айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазиннің шығармашылық кеші өтті).


Биылғы Жаңа жыл – жаңа күн қуанышымен келді қазақ халқына. Бірлігі жарасқан, берекесі ортаймаған халқымыз ұлттық мерекені есте қаларлықтай етіп тойлады. Адамдардың жүзінде ерекше қуаныштың табы байқалады. Мерекелік көңіл-күйдегі Астана жұртшылығы кешқұрым қазақтың белгілі айтыскер ақыны Серікзат Дүйсенғазиннің шығармашылық кешінде бас қосты. «Қазақстан» орталық концерт  залы. Ине шаншар жер жоқ. Бәлкім, бұл ақынын ардақтаған халықтың ерекше ықыласынан болар. Көңілі даладай, жүрегі баладай қазақ ақынына осындай құрмет қана лайық.  
Астана қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Перзент тілегі» атты шығармашылық кеш басталып та кетті. Кештің шымылдығын театр әртістері  керемет сахналық қойылыммен ашты.
«Жанымның сырын жасырмай кетем, 
Жарқ ете қалсам жасындай жырлап. 
Әлемде сірә, асыл бар ма екен, 
Тарбағатайымның тасындай қымбат» деп жырлаған ақын жүрегі көрермен қауымға бірнеше жырларын ұсынды. 
Қасиетті қара өлеңмен қатар көпшілік қауымға айтыскер ақын ретінде танымал болған Серікзат Дүйсенғазинмен айтыс өнерінде бірге жүрген замандастары  Б.Имашев, А.Тұрсынбаева, шәкірттері Ж.Бұлғақов, С.Әуезхан сахна төрінде Құлмамбет айтысының керемет үлгісін жасады. Әзіл-қалжыңға, ақ тілек пен ақ батаға толы бұл  айтыс өрнегінен  халық бір жасап қалды.  Әсерге толы, жүректің қылын шертетін әсем әуезге де кезек берілді. Ақынның сөзіне жазылған бірқатар  әндерді Музарт, Жігіттер тобы, Заттыбек Көпбосынов секілді белгілі эстрада әншілерімен қатар Тұрсынғазы Рахимов, Саят Нұрғазин сынды дәстүрлі әншілер нақышына келтіре орындады. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының өнер ұжымы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері ақынның лирикалық жырлар топтамасын көрермен қауымға ұсынды. Сондай-ақ, кеш барысында «Қарашығымда көшкен бұлт» атты ақынның алғашқы жыр жинағы мен «Мөлдіреген жанарың» атты ән мәтініне жазылған әндер жинағының тұсауы кесілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың арнайы құттықтау хатын Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы Т.Бозтайұлы табыстады. Өзі қызмет атқаратын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы Серікзат ақынды университеттің Л.Н. Гумилев атындағы төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар осы кеште ақынға «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінің президенті А.Нұрманов  Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі болғандығын куәландыратын арнайы құжатты салтанатты түрде табыстады.  Бұл сүйінші хабарға бізде қуанып қалдық. Ұлық мерекемен қатар келіп, үш сағатқа созылған керемет кештен алған әсеріміз де ерекше болды. Өнеге мен өнерге толы ақын шығармашылығына бізде толағай табыстар мен биік белестер тіледік. 

 Дайындаған: Салтанат Жүсіп

IMG_3315.JPG
IMG_3319.JPG
serikzat 17.jpg
IMG_3329.JPG
IMG_3386.JPG
serikzat 28.jpg
serikzat 29.jpg
IMG_3395.JPG
serikzat 34.jpg
serikzat 32.jpg
IMG_3419.JPG
IMG_3437.JPG
IMG_3458.JPG
IMG_3474.JPG
IMG_3479.JPG
IMG_3502.JPG
IMG_3513.JPG
IMG_3519.JPG
IMG_3533.JPG
serikzat 48.jpg
IMG_3562.JPG
IMG_3574.JPG
IMG_3579.JPG
IMG_3593.JPG
IMG_3634.JPG
IMG_3643.JPG
IMG_3646.JPG
IMG_3669.JPG
IMG_3681.JPG
IMG_3692.JPG
serikzat 59.jpg
IMG_3703.JPG
serikzat 63 (1).jpg
serikzat 60.jpg
IMG_3722.JPG
IMG_3730.JPG

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар