Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«90-минут синдромы» кітабының тұсаукесері өтті...

19.09.2014 3765

«90-минут синдромы» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультеті мен Aynaline.kz жастар порталының ұйымдастыруымен  жас журналист Абай Асанкелдіұлының «90-минут синдромы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

                                              _MG_3628.JPG
Кітап «Нұр Астана» апталығының кітапханасы» сериясы аясында жарық көріп отыр. Үш бөлімнен тұратын жинақта танымал тұлғалармен сұхбат, спорт әлемінің үздіктері туралы танымдық дүниелер, алуан түрлі тағдырлар хақында мақалалар топтастырылған. 

                                            _MG_3604.JPG
Жас журналистің қолтаңбасы отандық спорттың жетістіктерін де, олқы тұстарын да дөп басып тани білетіндігімен ерекшеленеді. «Алаш рухын асқақтатқандар», «90-минут синдромы»,  «69» – қазақтың салмағы!», «Баркер – алаштың кубогы» сараптамаларында қазақ спортының жетістігі де, кемшілігі де жан-жақты сараланады. Танымал тұлғалардың тағылымды әңгімелері, тағдыр талқысына түскен жандардың жанкештілігі, қысқасы, қалың жұртты баурап алатын әлеуметтік астарлы ақиқат та – Абай Асанкелдіұлының басты «объектісі». «Абай бол, балам!», «Тектұрмастағы тіршілік», «Қызғалдақ ғұмыр», «Батыр Баянның» бүгінгі бейнесі»  –  қай-қайсысы да мынау фәни өмірдегі өзекті өртеген тақырыптар. 

                                            _MG_3569_1.JPG
«Нұр Астана» жастар апталығынан түлеп ұшқан Абайдың ақпарат кеңістігінде алда талай биіктерді бағындыратынына сенімдіміз. Жас журналистің ойлы оқырмандар назарына ұсынылып отырған «90-минут синдромы» атты туындысы осының дәлелі», – дейді ҚР Президенті сыйлығының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсіреп. 
                                           _MG_3582.JPG
Тұсаукесерге шақырылған қонақтар қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Намазәлі Омашев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбай, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ, «Рауан» баспа үйі» ЖШС-ның бас директоры Ғабит Мүсіреп және  басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жақында Абай «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында журналистік білімін одан әрі шыңдау мақсатында Лондонға білім алуға жол тартатын болады. Жас журналистке сәттілік тілейміз!

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар