Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірнеше байқау өтеді

27.06.2016 325

Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірнеше байқау өтеді



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.




ЕРЕЖЕСІ


Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

Көрмеге қатысу шарттары:

1. суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы тиіс,

2. автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,

3. кескіндеме шығарма көлемі 100x150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40x90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны

5-7-ден аспауы керек.

Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, хат жазуы керек. Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997


Оған қоса:


Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.

ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, отаншылдық сезімін, Атажұртқа деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін жұртшылыққа таныстыру;

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, тәуелсіздікті терең сезіндіру, елдік мәселелерге сергек қарау.

Мүшәйра мен терме сайысының шарты:

Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын және елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.

Автордың шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.

Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.

Бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі – Зуқа батырдың туғанына 150 жыл толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы (міндетті);

Үшіншісі еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.

Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.

Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығына алдын ала хабарласып, тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.

Өлеңдер 2016 жылдың 15 қыргүйегіне дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт.

Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады. Алдын ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, оларды марапаттау рәсімі 2016 жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға бөлек, термешілерге бөлек) тағайындалады.

Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru


Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар