Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ұлы даладағы ұрпақтар үндестігі»

25.09.2014 1803

«Ұлы даладағы ұрпақтар үндестігі»

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форум басталды. Алқалы мәжілісті Халықаралық Түркі Академиясы ұйымдастырды. Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Мандоки Қоңыр Иштванның туғанына 70 жыл толуына арналған жиынға 8 елдің белгілі ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері және марқұмның жары Оңайша Мақсұмқызы мен ұлы Атлан қатысты. 

                                     10676397_706855089397378_8490401404862161052_n.jpg

Мандоки Қоңыр Иштванның 70 жылдығына арналып өткізілген шараның басты мақсаты – Мандокидің мәдени мұраларын насихаттау. Жиынға ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТүркПА-ның Бас хатшысы Жандос Асанов, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки, Венгрия Парламентінің вице-спикерінің кеңесшісі Шандор Дороги сынды халықаралық ұйым өкілдері, Қазақстанның үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, отандық және шетелдердің танымал тіл мамандары мен түркітанушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.

                                     10704246_706965619386325_2234928886701374758_o.jpg

Биыл мажарстандық түркітанушы ғалым, белгілі қоғам қайраткері, өмірін түркі халықтарының бірлігін бекемдеу жолына арнаған Мондоки Қоңыр Иштваның туғанына 70 жыл. 
Мандоки Қоңыр Иштван – Мажарстанның Карцаг қаласында дүниеге келген. Мандоки Қоңыр жеті ғасырдан астам уақыт өткен соң атажұртқа оралған құман-қыпшақ патриоты. Оның арманы – Мажарстандағы құман-қыпшақтардың ұмыт болған тілін, ділін қайта жаңғырту болатын. Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі жұрттары арасындағы тарихи-мәдени байланысты терең зерттеді. Ол түркологияны жаңа бір белеске көтерген белгілі тұлға. Бұған қоса түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетін аудару, зерттеу, насихаттау ісінде көп еңбек сіңірді. 48 жасында дүние салған Қоңырдың сүйегі өз өсиеті бойынша қазақ жеріне – Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленген.

                                     _MG_0348.JPG

Форум аясында Мондоки Қоңыр Иштваның 16 мың кітабы мен қолжазбаларынан тұратын бай рухани мұрасы Халықаралық Түркі Академиясына салтанатты түрде тапсырылды. Тұсаукесер рәсімін салтанатты түрде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаев ашып беріп, Мандоки қаламгер туралы естеліктерін жеткізді. Түркітанушылар Мандоки кітапханасының Түркі академиясына берілуін «Астананың заманауи түркітану орталығына айналғанының белгісі» деп бағалады. 
Жиын соңында қабылданған қарарда белгілі түркітанушының соңында қалған мәдени мұраларын насихаттау, қолжазбаларын жарыққа шығару мен мандокиге Астана қаласынан кеше атын беру мәселелері қарастырылған.
Іс-шара соңында академия басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның атқарған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен таныстырды. Түркия Ұлттық білім министрлігінің жауапты хатшысы өз кезегінде түркі әлемінің ынтымақтастығы үшін Халықаралық Түркі Акадамиясының маңызы орасан екеніне тоқталып, алғысын білдірді.



adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар