Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлытауда туған ұлылар...

31.10.2014 5547

Ұлытауда туған ұлылар

Әр адамның санасында өз қара шаңырағы, Отаны, Атамекені жарық дүниенің кіндігіндей сезіледі. Ұлттық мәдениет, туған халықтың әдет-ғұрпы содан бастау алады. Қазақтар үшін сондай ата-баба мекені -Ұлытау. Ұлытауда туылғын ұлы адамдармен таныса отырыңыздар.

                                         улытау.png

jp (4).jpg

Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884-1929)
Терісаққан өзені бойында туған. Алаш қозғальсъның көрнекті басшыларының бірі. Қазақсанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін  бітірген 1917 жылдан Алашорда үкіметінің мүшесі. 1920 жылдан Қазақ автономиялық республикасының қаржы халық комиссарының орынбасары, халық  комиссары. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін баскарған.
 
   


jp.jpg

Әбдісәмет Қазақбаев (1898-1959)
Қаракеңгір бойында туған. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. 1924-1937 жылдарда Ақмола ауданында ауылдық Кеңес хатшысы, төрағасы, колхоз басқармасы, 1937-1938 жылдарда аудандык атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қарағанды облаткомынынң төрағасы қызметтерін атқарды, 1938-1947 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумының төрағасы болды. КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңестеріне бірнеше рет депутат болып сайланды. Ә.Қазақбаев 2 рет Ленин орденімен және т.б. орден-медальдармен марапатталған.
 

 
ulan_karataev.jpg


Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев (1910-1995)
Қорғантаста туған. Қазакстанның Халық жазушысы. Филология ғылымдарының докторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ энциклопедиясынын тұңғыш бас редакторы, ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Көптеген орден-медальдармен марапатталған.
 



ulan_bailonurov.jpg

Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров (1912-1980)
Кішітау төңірегінде туған. Техника ғылымдарының докторы. Қазақстан ҰҒА-ның академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. 1952-1962 жыддарда Қазақ кен-металлургия институтының ректоры, 1962-1964 жылдарда Қазақстан ҰҒА-ның академик-хатшысы қызметтерін атқарды. Ө.Байқоңыров ғалым-педагог ретінде де Қазақстанда инженер мамандарды дайындауға айрықша үлес қосты. Ол Ленин және басқа да ордендермен марапатталған.
 
   


ulan_omarova.jpg

Зәуре Сәдуақасқызы Омарова
1924 жылы Қарсақбай кентінде туған. Днепропетровск тау-кен институтын 1948 жылы кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Еңбек жолын Қарағанды шахталарында бастап, шахта директоры қызметіне дейін көтерілген. 1954 жылдан бастап 6 рет Қазақ КСР Жоғары Кенесінің депутаты болып сайланған. Алматы облаткомының төрайымы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі қызметтерін атқарған. З.С.Омарова "Отан", Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
 
 

ulan_abdulin.jpg

Айтмұхамед Абдуллин
Құр Қарағанды өзенінің бойында 1924 жылы туған. Геология-минералогия ғылымдарының докторы. ҚРҰҒА-ның академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 1974-1995 жылдарда ҰҒА-ның Геологиялық ғылымдар институтын басқарды. 1988-1995 жылдарда ҰҒА-ның вице-президенті болды. А.Абдулин Қазақ КСР және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көптеген орден-медальдармен марапатталған.




ulan_sharmanov.jpg

Төрегелді Шарманов
Ұлытауда 1930 жылы туған. Медицина ғылымдарының докторы. Ресей Медицина ғылымдары академиясының және ҚР ҰҒА-нын академигі. 1995 жылдан Профилактикалық медицина академиясының президенті. Ұлытау аудандық ауруханасында 1958-1962 жылдары бас дәрігер болған. 1971-1982 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Мәскеу мен Алматыда ғылыми зерттеу орталықтарында басшылық қызметтерде болды. Қазақстан Парламентіне бірнеше рет депутаттыққа сайланды. Көптеген ордендермен марапатталған.



ulan_smailov.jpg
Камал Сейтжанұлы Смайлов (1932-2003)
Сарлық аулында туған. Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1962-1964 жылдарда Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің хатшысы, 1964-1971 жылдарда "Қазақфильм" киностудиясының директоры, Киноматография жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының 1-ші орынбасары қызметтерін атқарды. 1980-1983 және 1988-1991 жылдар аралығында ҚР Теле-визия және радио хабары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, төрағасы болды. ҚР Министрлер Кеңесінің істер басқар-масьн Қазакстан Компартиясы ОК-інің мәде-ниет бөлімдерін басқарды. Дарынды қайраткер журналист әр жылдарда "Зерде", "Парасат" және "Ақиқат" журналдарын басқарды. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Журналистер одағының бірінші хатшысы, төрағасы болып сайланды.


ulan_kopeev.jpg
Мұхамбет Жаназарұлы Көпеев
Жезказған кенішінде 1949 жылы туған. Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Жезді ауданында, Сәтбаев, Қаражал, Жезқазған қалаларында, Жәйрем-Атасу еркін экономикалық аймағында басшылық қызметтер атқарды. 1995 жылдан ҚР Парламентіне бірнеше рет депутат болып сайланды. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары (2000-2004 ж.ж.). КР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі (2004-2005 ж.ж.). 2005 жылдан бері ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары. Көптеген орден-медальдарымен марапатталған.




adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар