Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ұларбек Дәлейұлы: Қаралы жыр

09.06.2016 351

Ұларбек Дәлейұлы: Қаралы жыр


каралы ту.jpg

Бүгін тағы қаралы күн,
Қара күн,
Түн түнеріп, күн ашпады қабағын.
Жуа алмайды қасіреттің жаңбыры,
Қаралы үйдің қанға толы жанарын...


Қаратауда қазақ аман, көш аман,
Ел едік қой,
Ертеңге қам жасаған.
Арабия құмдарынан тас теріп,
Бізге келіп лақтырған кім тасадан?


Қаншама үйдің сөнді ошағы,
Сөнді өты,
Қанша арудың жас бұлады келбетін?..
Уа, мұсылман жұртында оталған,
Танкі даусы солқылдатып жер бетін.


Ғасыл дінім!
Ғасыр дертін емдеген,
Жанарыңнан бір алапат шер көрем...
ЖЕР, ДІН – сенің қасиетің үшін мен,
Жау жолына жатып алам көлденең!


Көк байрағым –
Көкжалдығым,
Санатым,
Бүгін тағы бір қайырды қанатын...
...Қаралы ту қаптайтындай қорқамын,
Қара түнге жақындаса сағатым!


Адам Ата ғалайссаламнан сый алған,
Жер бетінде жаны бөлек,
Күйі алуан.
Сонау ерлік ғасырынан жалғасқан,
Қазақ қаны төгілмесін, Я, Аллам!!!



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар