Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Нұрлы жол» – болашақтың жыры бол» көрмесі ашылды...

12.01.2015 3975

«Нұрлы жол» – болашақтың жыры бол» көрмесі ашылды

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» тақырыбымен Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында жазылған 2015 жылғы бірқатар мерейтойларды салтанатты жағдайда мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының галереясында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конститциясының 20 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты «Нұрлы жол» – болашақтың жыры бол!» тақырыбымен көрме ашылды. 

                   _MG_1036.JPG

Аталған шараға тыл және соғыс ардагерлері, астаналық зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Бұлардың қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған, сатирик-жазушы Табыл Құлияс, еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің және «ҰОС-тағы қажырлы еңбегі үшін» медалінің иегері, сондай-ақ «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Духновский Владимир Ильич, ҚР Қарулы күштері ардагері, 19 жыр жинақтың авторы Петров Владимир Иванович, Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар жөніндегі орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Талғат Жақиянов, «Нұр-Отан» партиясы Талдау және әлеуметтiк зерттеулер орталығының басшысы, академик Қазбек Қазкенов, түрік мәдени орталығының төрағасы Ибрагим Йылдырым, кәріс мәдени орталығының төраағасының орынбасары Роза Пак, «Оберег» украин қоғамының төрайымы Тамара Ширмер, «Қырғызстан-Астана» ҚБ төрағасы Шавкат Исмаилов, Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының төрағасы Видади Салахов және «Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Хасан Шарипов қатысты.    

                  _MG_1034.JPG     

Көрме 4 бөлімнен тұрады. Сөрелерге Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы мерейтойлық тақырыптарды қамтитын кітап эскпонаттары қойылған. Осыған орай, кітапханада атаулы күндерге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланды. 
1 бөлім – «Қазақ хандығына – 550 жыл». Айтулы шараны мерекелеу туралы Мемлекет басшысы астана активімен кездесу кезінде мәлімдеген еді. Бөлімде 180-нен аса кітап және мерзімді басылымдар ұсынылған. 

                 _MG_1121.JPG

2 бөлім – «Ұлы Жеңіске 70 жыл». Бұл бөлімде әскери тақырыпқа қатысты кітаптардан бөлек, біздің әріптестеріміздің сұрапыл соғыс кезінде тылда еңбек еткен әрі Ұлы Отан соғысына қатысқан әке-аталарына, жақын туыстарына арналған слайд-композиция берілген. Бөлімде 140 кітап және 13 құжат ұсынылған.   
3 бөлім – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл». Бөлімде 90-нан аса кітап ұсынылған. 
                _MG_1126.JPG

4 бөлім – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл». Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Еліміздің бірден-бір жетістігі әрі рухани байлығы ретінде Қазақстанда тұратын 100-ден аса ұлыстың береке-бірлігі мен бейбітшілігін алға тартамыз. Көрменің ашылу рәсімінде ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі кітапханаға кітаптар тарту етті. Бұл бөлімде 70 кітап ұсынылған. Көрме көрермендер үшін жыл соңына дейін жұмыс істейді.
 
               _MG_1038.JPG
               _MG_1118.JPG
               _MG_1098.JPG
               _MG_1131.JPG
               _MG_1128.JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар