Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Дарабоз» бәйгесі жарияланды

28.01.2015 3131

«Дарабоз» бәйгесі жарияланды

jp.jpgҚазақстан Жазушылар одағы мен «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бірлесе ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосып, жас оқырмандарын жыл сайын «Кәусар бұлақ» аталатын сүйікті кітабымен сусындатып келе жатқан дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесі өзінің оныншы рет өткізілетін кезекті конкурсының талаптары мен алғы шарттарын жариялайды.

Конкурстың мақсаты:

Жас ұрпаққа жаңа заман талаптарына сай шынайы патриоттық тәрбие беретін, оларды ұлтжандылыққа, имандылық пен адалдыққа, өз ұлтының өткен тарихы мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік рухқа баулитын тартымды да мазмұнды шығармалар шоғырын молайту, соған ұйтқы болу. Сол арқылы балалардың кітап оқуға, жалпы білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру. Балалар әдебиетінің рөлі мен бет­беделін көтеру, өрісін кеңейтіп, көсегесін көркейту.

Конкурс шарттары:

Бәйгеге балабақша бүлдіршіндері мен 1-9 сынып оқушыларына лайықталып жазылған балалар әдебиетінің барлық жанрындағы (проза, поэзия, сахналық қойылым, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш т.с.с.) бұрын еш жерде жарияланбаған көркем шығармалар ұсынылады. Хикаяттар - 20-25 беттен, әңгіме, ертегілер - 10 беттен, ертегі және топтама өлеңдер, балладалар, шағын дастандар, сахналық қойылымдар ­ 10 беттен аспауы керек. Конкурсқа балабақша бүлдіршіндеріне арналған қысқа әңгімелер мен топтама өлеңдерден басқа тек бір ғана шығарма жіберілуі шарт. 
Шығарманың бас жағына «Дарабоз» бәйгесіне!» деген айдар, соңына автордың бүркеншік аты (псевдонимі) ғана қойылуы тиіс. 

Көркем шығармалар компьютерлік стандартқа сай 14 кегльмен (аралық - 1) теріліп, үш данасының да бірдей беттелуі және степлермен мұқият бекітілуі қатаң талап етіледі.

Жабық конкурс болғандықтан, автордың аты-жөні, мекен-жайы мен байланыс телефондары жазылған ақпар­-парақ жеке, кіші конвертке салынып, оның сыртына автордың (шығарма соңындағы) бүркеншік аты ғана жазылады. 

Байланыс бөлімшелерінде түсінбестік туындамас үшін осы кіші конверт пен шығарманың үш данасы салынған үлкен (А-4) конверттің сыртына да («Кімнен» деген тұсқа) бүркеншік атты немесе кез келген бір ойдан шығарылған (мәселен, Шалқар Шабыт деген сияқты) лақап атты қоя салған ләзім. 
Осы талаптар мен шарттардың бірі орындалмаған шығарма қазылар алқасының талқысына ұсынылмайды. Бәйгеге барлық қаламгерлер, талапкерлер, шетелдегі қандастарымыз қатыса алады. Тек туынды бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни кирилицамен жазылуы міндетті.

Бәйгеге ұсынылатын шығармалар мына мекен-жайға жолданады:

050008, Алматы қаласы, «Дарабоз» бәйгесіне. № 010057505 куәлік иесіне.
Шығармалар 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданып, жеңімпаздар Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында анықталады.

Бәйге қоры:

Есенқұл қажы Маманов атындағы Бас жүлде – 1 000 000 (бір миллион) теңге.
Бірінші бәйге (екеу) - 400 мың теңгеден. 
Екінші бәйге (екеу) - 200 мың теңгеден.
Үшінші бәйге (үшеу) ­– 150 мың теңгеден.
Ынталандыру бәйгесі (төртеу) - 100 мың теңгеден.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға және тексерілуге жатпайды.
Бәйге қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған туындылар екі тілде шығатын кезекті «Кәусар бұлақ», «Чистый родник» кітаптарында жарық көріп, балабақша мен мектеп кітапханаларына тегін таратылады.    

Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің 
ұйымдастыру алқасы

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар