Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әдебиет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлық беру...

10.06.2014 2826

Әдебиет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

6 маусым күні Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мәжілісін ашқан Мемлекеттік хатшы елдің мәдени игіліктерін арттыруға айтарлықтай үлес қосқан, мемлекеттік қолдауға және авторларды ынталандыруға бағытталған жұмыстың мән-маңызын және осыған байланысты Комиссия мүшелерінің айрықша жауапкершілігін атады. 
Отырыста комиссия мүшелеріне 2014 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған шығармалар, оларды тіркеу және тиісті талаптарға сәйкестігін тексеру жұмыстарының қорытындылары жөнінде хабарлама жасалды. 
Келіп түскен жұмыстарды қарау 3 секцияда: әдебиет, музыка, театр және кино, бейнелеу өнері және сәулет секцияларында жалғасты. Секциялар жұмысы жасырын дауыс беру арқылы аяқталды. Оның барысында келесі кезеңге ұсынылған шығармалар іріктелді. Үміткерлер тізімі комиссия шешімімен бекітілді. Ережеге сәйкес қоғамда кеңінен талқылау үшін авторлар мен шығармалар туралы ақпарат «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар