Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Абай әлемі» әдеби кеші өтті

24.09.2014 2041

«Абай әлемі» әдеби кеші өтті

Абай қазақ мәдениетінің иман биіктігінің, шығармашылық шоқтығының, көркемдік-эстетикалық тұрғысының, дүниетаным парасатының жарқын үлгісі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Абай әлемі біздің жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап, тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз», — дейді. Шындығында солай. Кез келген мәселеде хакім Абайға жүгініп отыратынымыз бар...   
Кеше Астана қаласындағы Қаржы академиясында ақын, атаулы білім ордасының ұстазы Ербол Бейілханның ұйымдастыруымен абайтанушы ғалымдар мен елордалық жас қаламгерлер мен студенттер қауымының басқосуы өтті. Әдеби кеште Абай әлемінің жастарға беретін, жалпы барша адамзатқа беретін тәрбиесі туралы келелі сөздер айтылды. Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертуге атсалысқан ақынның айнымас жырлары оқылып, әсем әндері шырқалды. Кешке Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы, философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омар, жазушы, белгілі қаламгер Талғат Кеңесбаев, филолгия ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы абайтанушы Омар Жәлелұлы қатысып, жастарға үлгі боларлық ұлағатты сөздер айтты. Сондай-ақ, кеш барысында абайтанушы ғалымдар келер жылы ұлы ақынның 170 жылдық мерейлі мерейтойында Абай атындағы орталық ашылатыны туралы сүйінші хабарды жеткізді. 

                           _MG_0071.jpg 
adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар