Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Абай әлемі» ғылыми байқауы басталды...

17.03.2021 2914

«Абай әлемі» ғылыми байқауы басталды 12+

«Абай әлемі» ғылыми байқауы басталды - adebiportal.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.

Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.

Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынады:

Студенттер үшін:

1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»;

2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»;

3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі».

Магистранттар үшін:

1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;

2) «Қуғындалған абайтанушылар»;

3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».

Сыйақы қоры:

Студенттер арасында:

1 орын – 400 000тг (1 жүлде)

2 орын – 300 000тг (2 жүлде)

3 орын – 200 000тг (3 жүлде)

Магистранттар арасында:

1 орын – 500 000тг (1 жүлде)

2 орын – 400 000тг (2 жүлде)

3 орын – 300 000тг (3 жүлде)

Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында белгілі болады.

Байқау ережесі туралы толық ақпаратты https://fnn.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, https://abaialemi.kz/ сайттарыннан білуге болады.

Байланыс тел.: 8 7172 27 26 09, abai_fond@mail.ru


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар