Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
«Абай» журналы туралы 10 дерек...

20.01.2017 17460

«Абай» журналы туралы 10 дерек

«Абай» журналы туралы 10 дерек - adebiportal.kz


07b3f6d3df4d9c570fa44976d4a58f60.jpg


1.  «Абай» журналы 1918 жылдың 4 ақпанынан бастап қазіргі Семей қаласында жарық көрді. Бұл журнал қазақтың «бас ақыны» Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған. Ағартушылық бағытты ұстанды. Тұлғаға арналған қазақтың тұңғыш журналдарының алдыңғы қатарында болып табылады.  


2.  «Абай» журналын қазақ прозасының мектебін қалыптастырған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов «Екеу» деген лақап атпен ашып, редакторлық жасады. Бұл журналдың қоғамдық маңызын осы екі тұлғаның есімінен-ақ аңғаруға болады.


3.  Абай» журналының демеушілік жасайтын өз меценаты болған. Ол Семей қаласындағы ет және тері өнеркәсібінің негізін қалаушы, Мәскеуден алған бірінші гильдияды көпес құжаты бар аса бай миллионер саналған Қаражан Үкібаев. Оны демеушілікке Мұхтар Әуезов көндіреді.


4.  Бұл журналда Алаш зиялыларының ағарту бағытында түрлі мақалалары жарық көрді. Алғашқы саны 900 данамен шыққан. «Абай» журналының алғашқы сандары шамамен 16-21 беттен тұратын.


5.  Келесі жылы «Абай» журналының шыққанына 100 жыл толады. Араға көп уақыт үзіліс салып, «Абай» журналының жалғасы тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан оқырманға жол тартты. 25 жыл бойы тұрақты шығуда.  


6.  «Абай» журналында ғалым Ақжан Машанидің ұстазы Мәннен Тұрғынбайұлы тұрақты түрде қызмет жасап, түрлі бағытта қалам қозғады. Оның әдебиет, білім, ғылым, жер, әйел теңдігі, ұлтшылдық мәселесі турасындағы публицистикасы әлі күнге дейін өзекті.


7.   Журналда шығарушы редакторлардан басқа Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Садуақас, Халел Досмұхамедовтардың өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі жарияланды.


8.  Бір қызығы «Абай» журналындағы мақалалардың барлығы бүркеншік атпен беріліп отырған. Тіпті әдеби шығармалардың өзіне де автордың шын есімі көрсетілмеген.


9.  «Абай» журналында қазіргі газеттердегідей жарнама да жарияланып тұрған. Журналдың №8 санынан бастап соңғы беттерде «Жас азамат» және «Қазақ» газеттеріне жазылуға үндеу, газеттің редакциясы мен жазылу бағасы жарияланыпты.


10.   Алашорда үкіметі құлағаннан соң «Абай» журналы да 1918 жылғы қарашадағы соңғы 11 санынан кейін жабылып қалады. Оның жалғасы ретінде 1992 жылдан бастап жаңа «Абай» шыға бастайды.



Бағлан Оразалы



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар