Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Абай әлемі» кітаптар топтамасының таныстырылымы...

26.11.2020 7534

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының таныстырылымы 12+

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының таныстырылымы - adebiportal.kz

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ШҚО әкімдігінің қолдауымен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан «Абай әлемі» кітаптар топтамасы бойынша шығыс өңірі авторларының шығармалары жарық көруде. Бес жылға арналған жоба 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жоба аясында жыл сайын жаңа кітаптар шығарылып, оқырман қауым жаңа есімдермен танысады.

25 қараша күні Абай атындағы кітапхана, «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы» және Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалымен бірлесіп ZOOM платформасында Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының 2020 жылғы шығарылымының таныстырылымы өтті.

Мәдени және әдеби мұраларын сақтауға, жергілікті авторлардың үздік туындыларын жастар арасында кеңінен насихаттауға, патриоттық сезімді және туған жерге деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталып, әдеби жобаның 2020 жылғы басылымдарымен таныстыру.

Шараның модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы Семей бөлімшесінің басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкері Мерей Қарт шараның өткізілу бағытын түсіндіріп, қонақтармен таныстырды.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ұ.Б.Сағадиев «Абай әлемі» жобасымен және жоба аясында жарық көрген басылымдармен таныстырып, кітап авторлары мен құрастырушыларына алғысын білдірді.

Жобаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сәрсеке жоба аясында атқарылған жұмыстардың барысымен айтып өтіп, толықтырулар болатынын баса жеткізді.

ҚЖО басқарма төрағасының орынбасары, ақын Жақып Бауыржан Өміржанұлы; Д. Рамазан, А.Кемелбаева, Т.Жанғалиев, Р. Нұрғалиев сынды ақын-жазушылардың да шығармасы қамтылса деген ой айтты.

Халықаралық «Абай» атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Ғафуров Аслан Қабылбекұлы, қор жұмыстарына қысқаша тоқталып, алдағы уақытта ақын-жазушылардың жинаөтарын жекелей шығаруға мұрындық болатынын жеткізді

Шара барысында Шәкәрім мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еспенбетов Арап Слямұлы Абайтанудың 5 томдық кітабымен және 1909 жылы басылып шыққан репринттік басылымы - «Қазақтың ақыны Ибрахим Құнанбайұғлының өлеңі»

кітаптарымен таныстырды. О.Бөкеев, Қ.Ысқақ, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Б.Жақып сынды қаламгерлердің де шығармалары келер жылғы топтамаға кірсе деген тілегін жеткізді.

Абайтанушы, алаштанушы Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы «Рух сұлтандары» басылымының мазмұнын ашып, «Абай әлемі» кітап топтамасы ЖОО да жетсе, оқырман қолына да өтіп, тиражы көбейсе деген ұсыныс қосты.

Шәкәрім мемлекеттік университетінің Абай институтының директоры Ж.Әубәкір 4 томдық «Абай және ақын шәкірттер мұрасы» басылымына енген ақын шәкірттерінің мұраларымен және жазушы Б.Щербаков өзінің «Звездная степь Жидебая» шығармасының орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасымен таныстырып өтті. Сапарғали Әлімбетов мұраларын зерттеуші ғалым, ф.ғ.к., М. Иманжапар Сапарғали ақынның мұралары жөнінде мол мағлұмат береді.

ZOOM платформасында өткен шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, жазушылар, ғалымдар, филологтар, мәдениет саласының қызметкерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары мен кітапханашылары, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары, кітапхана оқырмандары БАҚ қатысты.

«Абай әлемі» жобасы бойынша 2020 жылы «Абайдың 175 жылдығына арналған» белгісімен «Фолиант» баспасы жергілікті авторлардың 22 кітабын шығарды, оның ішінде: 12 кітап (5 жинақ: абайтанушылардың зерттеулері (5 том), Абайдың ақын шәкірттері (4 том), «Шығармалар», «Құнанбай қажы»), жеке авторлардың 10 кітабы (А.Құнанбаев, Ш.Әбенов, Т.Әміренов, С.Әлімбетов, А.Жиреншин, Т.Жұртбай, Қ.Оразалин, А.Толғанбаев, Ж.Төленов, Щербаков Б.), жалпы таралымы 23000 дана.

Жоғарыда аталған жоба жыл сайын жалғасын тауып, оқырман қауымға рухани әлемнің жауhарлары жол тартып тұратын болды.

Мерей Қарт

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

Мелекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар