Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әбдіуақап Қара: "Ынтамақтастыққа бастайтын ұйытқын...

23.12.2016 2365

Әбдіуақап Қара: "Ынтамақтастыққа бастайтын ұйытқының бірі – әдебиет"

Әбдіуақап Қара: "Ынтамақтастыққа бастайтын ұйытқының бірі – әдебиет" - adebiportal.kz


 

Әбдіуақап Қара

«Мимар Синан» көркемөнер университетінің

профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Әбдіуақап Қара.jpg

 

Бір ойшыл «Әдебиеті бар ұлт – тұтасқан ұлт» деген екен. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда қазақ халқы өзіндік күшті әдебиеті бар мықты ұлт болып халықаралық платформада үлкен беделге ие болып отыр. Мұның айғағы ретінде 2016 жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сайланғынын айта аламыз. 2017 жылы Астана қаласында «ЕXPO-2017» көрмесі өтіп, әлем назары Қазақстанға аумақ. 


 

Мұның барлығы, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаттарының арқасы және Қазақстан халқының жарасымды ынтымақтастығы деп білемін. Осы ынтамақтастыққа бастайтын ұйытқының бірі – әдебиет. Әдебиет саласындағы жазушылар мен ақындарымыздың туындылары халық арасында, әсіресе жасөспірім мен жастар арасында кеңінен оқылған сайын ынтымақтастығымыздың нығайып, даму үрдісіміздің одан әрі жалғаса түсетіні сөзсіз.


 

Міне, үш жылдан бері осындай маңызды қызмет атқарып келе жатқан «Әдебиет порталы» интернет-жобасы мен еңбек сіңірген азаматтарды порталдың 3 жылдығымен және 2017 Жаңа жыл мерекесімен құттықтай айта отырып, редакцияға мол шығармашылық табыс тілеймін! 


 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар