Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығы жазушы Кадзуо Исигуроға берілді

05.10.2017 2164

Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығы жазушы Кадзуо Исигуроға берілді

Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығы британ жазушысы Кадзуо Исигуроға бұйырды. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтындағы тікелей эфирде хабарланған.

Кадзуо Исигуро - 1954 жылы Жапонияның Нагасаки қаласында дүниеге келген.

Жазушының есімі оқырмандарға "Біз жетім болғанда...", "Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы түннің басталуы", "Жанұялық кешкі ас", "Жерленген алып" романдары арқылы кеңінен таныс.

Нобелианттың шығармалары бүгінге дейін әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылған.

Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың "автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін" берілгені айтылады.

Автор өзінің "Күнжарым" атты үшінші романы үшін Букер сыйлығын да жеңіп алған.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр.

Бұған дейін химия, медицина және физика салалары бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің есім белгілі болған еді.

Еске сала кетейік, Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар