Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әдебиет және мәдениет саласындағы мемлекеттік стип...

11.12.2014 2716

Әдебиет және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялардың иегерлері анықталды

                                         Akorda.jpg

2014 жылдың 10 желтоқсаны күні Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы» Өкімін жариялады.

 «2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы» Өкім


1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілсін.


Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан
№ 338

2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы 
№ 338 өкіміне
ҚОСЫМША

2014 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендия 
берілген адамдардың дербес құрамы

Әдебиет қайраткерлері:

Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын
Арыстанбекқызы Асылзат – 1978 жылы туған, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты
Аширов Ахметжан – 1938 жылы туған, драматург, «Құрмет» орденімен наградталған
Әбіқалов Айтақын  – 1947 жылы туған, ақын
Бақтыгереева Ақұштап  – 1944 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Баянбай Қастек  – 1936 жылы туған, жазушы
Бодаубай Болат – 1940 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Гаркавец Александр – 1947 жылы туған, қоғам қайраткері, түрколог ғалым
Дүйсенбі Асқар – 1973 жылы туған, ақын, композитор, фольклортанушы ғалым
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын
Қайран Әбубәкір – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Қалиев Сұлтан  – 1943 жылы туған, ақын
Қамаш Назира (Бердалы Нәзира)  – 1980 жылы туған, ақын, Т.Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты
Қарағызұлы Бауыржан  – 1982 жылы туған, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері
Лушникова Надежда  – 1940 жылы туған, ақын
Молотов Вильям – 1976 жылы туған, ақын, Түркі дүниесі жастарының арасында өткен мүшәйраның жүлдегері
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Сегізбай Кәдірбек  – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сейілхан Роза – 1972 жылы туған, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты
Солтиева Жұмагүл – 1940 жылы туған, әдебиеттанушы
Тілеуханов Төлек – 1939 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Тынибеков Абай – 1962 жылы туған, жазушы, ақын, композитор, тарихшы, этнограф
Чернова Надежда  – 1947 жылы туған, ақын
Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Шашкова Любовь  – 1951 жылы туған, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған


Өнер қайраткерлері:

Әбжанова Анар – 1986 жылы туған, суретші
Әбілов Шаһимардан   – 1950 жылы туған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен наградталған
Баймаханова Әлия  – 1978 жылы туған, режиссер
Бекетаева Әйгерім  – 1991 жылы туған, балет солисі
Бөрібаев Алан  – 1979 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бұғыбай Қасымхан – 1976 жылы туған, театр және кино актері
Ғабдуллина Жұпар – 1978 жылы туған, опера солисі
Дайыров Еркебұлан – 1986 жылы туған, актер
Демесін Кәдірбек  – 1952 жылы туған, актер
Жантілеуова Аида  – 1990 жылы туған, актриса
Имашева Баян  – 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Қайсанов Мейрам  – 1966 жылы туған, актер
Қосанова Айгүл  – 1974 жылы туған, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мальбеков Эдуард  – 1941 жылы туған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, балет ардагері
Мусин Ринат  – 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденімен наградталған
Өтеулинова Назым – 1988 жылы туған, режиссер
Омарбаев Қанат  –  1943 жылы туған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Спирина Ольга – 1991 жылы туған, тележүргізуші
Телебарисова Әлия  – 1993 жылы туған, киноактриса
Төкеева Жанель  – 1988 жылы туған, балет солисі
Тұрсынбаев Жоламан – 1947 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденімен наградталған
Тыныштығұлова Сара  – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Урманчеев Тимур – 1965 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист
Үмбетов Жәңгір  – 1947 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хасанғалиев Біржан – 1978 жылы туған, әнші

Мемлекеттік стипендия иегерлері атанған әдебиет қайраткерлері арасында осы марапатқа ие болған «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлын құттықтаймыз!

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар