Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Адырна» журналы әдеби бәйге жариялады

18.09.2018 1257

«Адырна» журналы әдеби бәйге жариялады

«Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы өзінің тұңғыш саны шыға бастағанына екі жыл толуына орай әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды. Байқауға қазақтың барлық қаламгерлері мен әдебиетке талпынып жүрген жастары түгел қатыса алады.

Бәйгенің адал мұраты — ұлттық әдебиетіміздің күні бүгінгі ең озық шығармаларын, ең дарынды қаламгерлерін анықтау және ұлықтау, қазіргі әдебиеттің дамуына, көркейе түсуіне демеу болып, әдебиеттегі қазіргі оң өзгерістерді, жаңа, жасампаз бағыттарды мейлінше қолдау, қазақ әдебиетінің қоғамдағы ізгі әсерлерін нығайтуға сеп болу, қазақ көркем ойының еңсесін биіктету, жаңарып жатқан қазақы ұлттық ой-сананың, шынайы рухани түлеудің күшейе түсуіне үлес қосу.

Бәйгенің жүлде қоры — 3 000 000 (үш миллион) теңге.

Бас жүлде — 2 000 000 теңге, арнаулы сыйлық.

Бірінші жүлде — 1 000 000 теңге, арнаулы сыйлық.

Екінші жүлде — 500 000 теңге.

Үшінші жүлде — 300 000 теңге.

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) — 100 000 теңгеден.

Бәйге номинациялары:

1.Үздік өлеңдер топтамасы, поэма.

2.Үздік әңгіме, хикаят, роман.

3.Үздік әдеби сын, эссе.

4.Үздік драма.

Бәйге 2018 жылғы қазан айының 1-нен 2019 жылдың 15-наурызына дейін өткізіліп, сыйлық тапсыру рәсімі 2019 жылғы Наурыз мерекесі қарсаңында, наурыздың 20-сы күні Ақтөбеде өткізіледі.

Бәйгеге қатысушылар биылғы қазан айының 1-нен бастап шығармаларының электронды нұсқасын «Адырна» журналының электронды поштасына (adyrna2016@gmail.com) жібереді.

Көркемдікке қойылатын шарттармен қатар редакцияның тағы бір шарты — редакцияға автордың «Адырна» журналына 2019 жылға толық жазылғандығын растайтын, почта белгісі соғылған түбіртекті қоса жолдау (эл. нұсқасы мен түпнұсқа көшірмесі). Онсыз шығарма бәйгеге жіберілмейді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Адырна, Бәйге
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар