Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ...

25.02.2022 4206

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады 12+

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады - adebiportal.kz

Биыл Стамбұл мен Парижде ұлт көсемі - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

Ахаң қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін тілдің орны айрықша екеніне зор мән берді. Оның: «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» деген сөздері – соның айқын дәлелі. Ахаң ұлттық әліпбиімізді әзірлеп, оқулықтар жазды, тіл ғылымына түрен салды. Тілдің ұлтты сақтаудағы орасан зор маңызын жұртымыздың санасына сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Осы тарихи еңбегінің арқасында ол - қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы атанды. Ахаң негізін қалаған тіл ғылымы оның есімін атауға тыйым салған кеңес дәуірінде де жаппай қолданыста болды, - дейді Мемлекеттік хатшы.

Жыл бойы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған іс-шаралар Қазақстанның барша аймағында, оның ішінде киелі Түркістан жерінде тойланғалы отыр. Ұлт көсемі, қазақ ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізілгені де зор қуаныш.

ЮНЕСКО көлемінде және еліміздің барша өңірінде өткізілетін мерейтой шараларына баршамыз белсене атсалысуымыз қажет. Парижде және Стамбұлда арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркістанда халықаралық конгресс өтеді, басқа да жұмыстар жоспарланған. Соның бәрінде Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы мен қайреткерлік қызметі дәріптеліп, лайықты баға беріледі деп ойлаймын, - деді Ерлан Қарин.

BAQ.KZ

Аружан Алпысбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар