Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Академик Ғарифолла Есімнің төрт кітабы америкалық атақты сайтта сатылымға қойылды

30.06.2022 1308

Академик Ғарифолла Есімнің төрт кітабы америкалық атақты сайтта сатылымға қойылды 12+

Академик Ғарифолла Есімнің төрт кітабы америкалық атақты сайтта сатылымға қойылды  - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының конституция залында академик, жазушы, абайтанушы Ғарифолла Есімнің Amazon сайтына шыққан «The Kazakh Nation»’, «The Agony of Socialism», «The Kazakh People and Nation», «Hakim Abay» атты төрт кітабының тұсаукесері өтті. Бұл іс-шараға елімізге танымал зиялылар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалымдары мен докторанттары қатысты. Іс-шараны ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы жүргізді. Сонымен қатар, Zoom платформасы арқылы онлайн қашықтықтан да қалың көпшілік тікелей қатысты.

Amazon сайты 1994 жылы американдық кәсіпкер Джефф Безостың кітап саудасы бойынша бастаған және қазіргі таңда көптеген дамыған елдерде өз филиалдары бар түрлі сапалы өнімдер ұсынатын әлемдік ірі компания болып табылады. Тек түпнұсқадан тікелей аударылуды міндет ететін және этикалық жоғары талаптар қоятын бұл сайтқа академик Ғарифолла Есімнің төрт кітабының қабылдануы айтарлықтай жетістік болып табылады. Әлем оқырмандарына жол тартқан бұл кітаптар қазақ әлемінің дүниетанымдық ерекшеліктерімен және хәкім Абайдың терең ойларымен танысары хақ.

Академик Ғарифолла Есімнің бұл кітаптарын қазақ тілінен ағылшын тіліне аударған маман – Вашингтон мемлекеттік университетінің профессоры Чарльз Уэллер болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2003-2006 жыл аралығында PhD докторантурасында оқып, диссертациясын қазақ тілінде жазып қорғаған маман.

Кітаптардың тұсаукесер рәсіміне байланысты Чарльз Уэллердің Вашингтоннан жіберген сәлемін, баяндамасын докторант Жазира Байсарина жеткізіп, көпшілікке таныстырды.

Бұл кітаптарды түрік тіліне аударып жарыққа шығарған Кастамону университеті, философия кафедрасының PhD докторы, Хачи Ахмет Шимшек мырза zoom платформасында қашықтықтан қатысып, өзінің лебізін білдірді.

Сонымен қатар, зиялы қауымнан Серік Негимов, Үзбен Құрманбайұлы, Жандарбек Мәлібекұлы, Жасан Зекейұлы, Қаржаубай Сартқожа, Сәрсенбай Еңсегенов, Амантай Шәріп, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Жүсіпов т.б. құттықтау сөздерін айтып, игі тілектерін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар